Терезенің жүйелік менюі:
ALT – пробел пернелер комбинациясын басу арқылы терезенің сол жақ жоғарғы
бұрышында орналасқан жүйелік меню ашылады. Мұнда төмендегідей командалар орналасқан:
About - бұл команда таңдалғанда диалогты блок ашылады, мұнда TURBO C++ версиясы туралы және авторлық құқығы жайында информация беріледі. Бұл терезе ESC немесе ENTER пернелерін басу арқылы жабылады. Clear Desktop - командасы арқылы ашық терезелердің бәрі жабылып, тізімдегі барлық анықтама өшіріледі. Жаңа проект құру барысында қолданған тиімді. Repaint Desktop - экрандағы бейнені регенерациялауды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |