Сабақтың тақырыбы: С/С ++ тілдерінде программалау ортасының негізгі компоненттері Мақсаты



бет1/6
Дата11.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#79017
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
797 7760 30


ПӘНІ: Объектілі-бағытталған бағдарламалау

МАМАНДЫҒЫ: 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

БІЛІКТІЛІГІ: 1304053 – «Ақпаратты қорғау технигі»

ТОБЫ: ЭЕТ-А-18

ӨТЕТІН КҮНІ: 07.09.2020

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ: 17.35-19.10

Жаңа білім

Сабақтың тақырыбы: С/С ++ тілдерінде программалау ортасының негізгі компоненттері

Мақсаты:

- ІDE (interated development environment) біріктірілген құралдар ортасының жұмысын түсіндіру;

- оның негізгі компоненттерімен таныстыру;

- С/С ++ тіліндегі программаның өңделуін: енгізу, тестілеу, компиляциялау реттерін үйрету.


Программалау ортасы – IDE–біріктірілген программалау ортасы – құралдар

жиынтығынан тұрады. Ол құралдар: программаны жазуға, өңдеуге, компиляциялауға, құрастыруға (компановка) және жөндеуге (отладка) арналған. Сонымен қатар, ортада мынадай қосымша мүмкіндіктері арастырылған:

 Монитор экранында бірнеше терезені бейнелеп және оның өлшемін қажетінше

өзгертіп, орнынан жылжытып қарауға болады;

 «Мышь» манипуляторын қолдану;

 Диалогтар блогы бар;

 Текст фрагментін өшіру және орналастыру мүмкіндігі бар;

 Басқа программаларды шақырып қолдану мүмкіндігі;

 Редакторда макротіл қолданылады.

IDE ортасының негізгі 3 компоненті бар: С/С ++тілдерінің кең тарағаны turbo C++

(Borland фирмасынан шыққан) ортасына қатысты сипаттау беріледі:

- Экранның жоғарғы бөліміндегі менюлер жолы;

- Экранның ортасындағы жұмысшы алаңы;

- Экранның төменгі бөлігінде қалыпты-күй жолы.



Менюлер жолы:

Менюден кейбір элементті таңдағанда диалогты блоктар экранға шығарылады. Менюлер жолы менюдегі барлық командаларды қолдану жолын алады. Ондағы қажетті менюді мышпен шерту немесе F10 тетігін басып қажетіне жылжып бару арқылы екпінді етуге болады. Екпінді менюден басқару тетіктері мен Enter пернесін басу арқылы команда таңдалады. Команда таңдалғанда ішкі меню (команда қасында үшбұрышты символ болса)

немесе диалогты блок (команда қасында көп нүкте тұрса) ашылуы мүмкін, ал

команда қасында ештеңе болмаса ол тікелей орындала бастайды. Диалогты блокта параметрлерді анықтау мынадай негізгі басқару құралдарының: таңдау көрсеткіштері, күйін ауыстырғыштар, әрекеттер түймесі, енгізу блогы, тізімдер блогы арқылы жүзеге асырылады. Жүйеде меню екі түрде қатысуы мүмкін: толық немесе азайтылған. Мұның

қажетін орындау үшін: Options\Full Menus командасы қолданылады, сәйкесінше OFF немесе ON күйлері орнатылады.

Жүйеде кез-келген әрекет нақты бір терезеде орындалады. Бір уақытта бір терезе екпінді бола алады, бірақ бірнеше терезе ашық болуы мүмкін. Терезенің бірнеше түрі бар, оның әрқайсысының мынадай элементтері болады:

- тақырыптар жолы;

- терезені жабу маркері;

- айналдырғыш сызғыш;

- терезе өлшемін өзгерту бұрышы;

- экранға терезені толығымен ашу маркері;

- терезе мөлшері (1-ден 9-ға дейін).

Қалыпты күй жолы:

Экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Төмендегідей функцияларды атқарады:

 Екпінді терезедегі орындалып отырған әрекетке байланысты қолдануға болатын негізгіпернелер туралы мәлімет беріп отырады;

 Нақты көрсетіліп тұрған әрекетті орындау үшін менюден команданы таңдаудың орнына перне белгісіне мышь Көрсеткішін қойып, сосын шерту арқылы жеңілдету мүмкіндігі бар.

 Программада қандай әрекет орындалып отырғандын хабарлайды.

 Менюден таңдалған команда немесе диалогты блок элементтері туралы қосымша бір жолдық кеңестер мен ұсыныстар береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет