Мерзімі: 07. 02. 2013 ж
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2 «г»
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? О. Әубәкіров
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Қазақтың белгілі сатирик-ақыны Оспанхан Әубәкіровтің өмірбаянымен
таныстыру, ертегінің мазмұнын ашу, сүт тағамдарымен тереңірек таныстыру.
Нақыл сөздер, тыйым сөздер, мақалдардың мағынасын ашу.
ә) дамытушылығы: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу,
ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өзіндік талдау,
жинақтау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тіл-
мен өрнектей білуге машықтандыру.
б) тәрбиелігі: Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу, төрт түлікті құрмет-
теуге,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа тақырып.
Сабақтың көрнекілігі: О.Әубәкіров суреті, әр бөлімге байланысты суреттер, «Сөз құрап жаз» кестесі,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық.
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырма Ы. Алтынсарин «Салақтық» .
4. Жаңа сабақ
-Мына тұрған сандар неше таңбалы сандар?
-Екі таңбалы сандар.
-Ендеше осы екі таңбалы сандарды өсу ретімен санау арқылы екінші жағын аудара отырып, бүгінгі жаңа тақырыбымызды тауып аламыз.
15 18 26 29 32 38 41 45 51 53 67 74 76 89 94 97 99
С ү т қ а л а й ұ й ы қ т а д ы ?
-Бүгін Оспанхан Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» деген шығармасымен таныс боламыз.
Шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.
1934 жылы 4-мамыр Алматы облысы Жамбыл ауданы
Сатира жанырын дамытушы Сүйінбай атындағы совхоз
Оспанхан Әубәкіров
Қағаз қалпақ суреті Үшбұлақ бөлімшесі
Бөден
Сүзеген сөз Ымды білесіз бе?
Сиыр
«Ара» журналында актер 1986 жыл
- Ал, балалар жарайсыңдар. Автормен таныс болдық. Енді бұл ертегі не туралы деп ойлайсыңдар? (бұл ертегі
сүт туралы)
- Сол сүтті қайдан аламыз? (Үй жануарлары төрт түлік малдан: қой, сиыр, ешкі – сүт, түйенікі – қымыран, биенікі – қымыз)
- Осылардың ішінде қандай сүтті ұйытуға болады? (қой, ешкі, сиыр – сүтін)
-Төрт түліктің адамға қандай пайдасы бар?
-Төрт түлік малдың етін, сүтін тағам ретінде, жүнін, терісін киімге тұтынады және көлік ретінде пайдаланады.
Топтастыру стратегиясы
түйе
жылқы Төрт түлік сиыр
қой, ешкі
Сүзбе
шұлық тымақ
айран құрт
өнімдері жүн
қаймақ ірімшік
қолғап көрпе
май ішік
Оқулықпен жұмыс.
1. Ертегінің мазмұнын түсіндіремін.
2. Өлеңді нақышына келтіре оқып беремін.
3. Оқушыларға тізбектей оқытамын.
1-қатар. Мәнерлеп оқып беру керек
2-қатар. Сүтті күлдіріп оқып беру керек
3-қатар. Сүтті жылатып оқып беру керек
4. Мақалмен жұмыс: Ұйқы деген дұшпан бар
Тұла бойды талдырар,
Жолдан, істен қалдырар.
5. Тыйым сөз: Кісіге қарап есінеме. Есіней қалсаң,аузыңды қолыңмен қалқала. (Оқушыларға өздері білетін тыйым сөздер айтқызу.)
теппе сүтті төкпе
тыйым сөздер
басынан ұрма теріс мінбе
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Ұйқының пайдасы мен зияны жайлы не білесіңдер?
Сүттен қандай тағамдар жасаймыз?
Сергіту сәті
Топтық тапсырма. Берілген буындардан сөз құрап жазу.
қай
|
рім
|
сүз
|
шұ
|
мыз
|
кө
|
шұ
|
қол
|
і
|
і
|
ай
|
шік
|
же
|
бат
|
ран
|
ғап
|
лық
|
шік
|
ран
|
мақ
|
бе
|
ай
|
қы
|
май
|
ты
|
тон
|
мақ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қаймақ, ірімшік, сүзбе, айран, шұбат, қымыз, көже, шұлық, қолғап, тон, ішік.
Блинц-турнир сұрақтары. Кім жақсы меңгерді?
1-қатарға. 1. Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген?
2. Сүттің аянышты халін кім байқады?
3. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
4. Жұрт сары су жайлы не дейді екен?
5. Ертегінің авторы кім?
2-қатарға. 1. Бір күні сүтке не болыпты?
2. Сүт неліктен жылады?
3. Ертегідегі кейіперлерді ата.
4. Ақын осы ертегі арқылы не айтпақ болды?
5. Оспанхан Әубәкіровтың туған жылы.
3-қатарға.1. Ел-жұрт неге қайран қалды?
2.Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады?
3. Сүт неліктен жылады?
4. Өлең неліктен ертегіге жатады деп ойлайсың?
5. Оспанхан Әубәкіровтың туған жері.
Сабақты қорыту: Шығарма аты Сүт қалай ұйықтады?
Авторы Оспанхан Әубәкіров.
Жанры Ертегі.
Жақсы қасиеттер Ұйқышылдықтан қашу,еңбекті сүйе білу.
Жаман қасиеттер Ұйқышылдықтың зияны.
Негізгі ой Жаман әдеттен аулақ болу.
Қорытынды Сүт өнімдерінің жасалуын біле жүру.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу.
«Ұйқының зияны» атты тақырыпта шығарма жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |