Әжібекова Гүлзағира Жаңақорған ауданы Жайылма ауылы №195 орта мектебі
Ана тілі 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты: Біліктілігі: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны, ұғыну арқылы мысалдың мазмұнын меңгереді. Ой қозғалу стратегиясын пайдалана отырып, оқушылар сұрақ қою арқылы жан жақты ойлауға үйренеді.
Дамытушылығы: Дәлелді сөйлей білуге үйренеді. Ой өрістерін, тілдерін, сөздік қорын дамытады.
Тәрбиелігі: Салақтық, ұйқышылдық, мақтаншақтық, өсек айту, еріншектік, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, тұрақты батыл болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері эссе, болжау әдісі, бес жолды өлең әдісі, галереяға саяхат, топпен жұмыс.