Топты арнайы сурет бөліктерін жинақтау арқылы топқа бөлеміз.( )
Қыздар екі топқа бөлініп, сусындар мен тағамдар дайындаудың маңызын талқылайды.
1 топ Қызғалдақ тобы (қымыз, шұбаттан жасалатын сусын мен
тағамның маңызын)
2 топ Жауқазын тобы (айран, құрт, сүзбе, қаймақ дайындалу
технологиясын)
І.Ой қозғау
Ғасырлардан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан ұлттық тағамдар өнімдерінің маңызы қандай?
Сүт өнімдері қазақ халқы үшін қасиетті, байлықтың молшылықтың белгісі болып табылады.Сүт тамақтық бағалы өнім. Тамақтануда көбінесе,сиырдың сүтін пайдаланылады
Сүттен сұйық, қою, тәтті, ащы,жұмсақ, қатты т.б тағамдарды дайындайды.
Пісіру—көже, ботқалар, вареник, кисель т.б
Қуыру—ірімшік салынған жайма құймақ, сырниктер
Бұқтыру—бұқтырмалар, пудингтер
Десерт—кисель, мусс, крем, коктейль, балмұздақ, соустар және ірімшік пасталары
Олай болса қыздар бүгінгі жаңа тақырып:
Сүт және сүт өнімдерінің ұлттық тағамдарды дайындаудағы маңызы.
ІІ.Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс 158 бет
1 топ тапсырмасы
Ұлттық сусын қымыз, шұбат туралы не білесіңдер?
Бие сүтінен шипалы сусын- қымызды дайындайды,( қымызға сүрленген қазы немесе құйрық салып, ұзақ піседі сонда ғана қымыз тұщы және дәмді болады.)
Інген сүтінен –шұбат дайындайды.(дайын болу үшін жай араластыру, қою және майлы болады.)
2 топ тапсырмасы
Сүттен жасалатын айран, құрт, сүзбе, ірімшік өнімдерінің жасалу жолдары.
( айран- сүтті пісіріп,суытып жылы болғанда айран ашытпасын қосамыз қатық, ұйытқы т.б сосын жылы орап қоямыз.
Құрт- жинақталған айранды қазанға құйып, жай отта қайната іртік бола бастағанда, құрт қалтаға ыстықтай құйамыз
Құйылған іртіктен қалта түбінде жинақталған – сүзбе деп атаймыз.
Ірімшік- ашыған не арнайы ашытылған сүтті отта ұзақ қайнатып, сүзіп аламыз)
ІІІ. Шығармашылық жұмыс
Сүт өнімдеріндегі ұлттық тағамдарға пайдаланылатын ыдыс түрлерінің суретін салу.
(саба,мес, торсық,бұлқыншақ,құрт қалта,күбі, тостаған, ши,аяқ, ожау, қазан, тегене, зерен)
|