KDR 601
Proma BP-100
4)Тербелмелі тегістеу станогы- домалақ , жартылай домалақ, қисық кеілген, әр түрлі ою салынған материалдарды тегістеуге арналған.
Jet JBOS-5 JET OS-1
ІV. Жаңа сабақты бекіту: (10 мин)
Жаңа сабақты бекіту кезеңінде оқушыларды шеберханаға апарып шеберханада бар бес станок түрі яғни токрлы станок, пішімдеп кесу (форматно-раскроечный) станогы, фуговалды станок, фрезерлік, рейсмусты станок, бұрғылау (сверлильный) станок түрлерімен таныстыра отырып олардың нақты ағаштарды кесіп жатқан операцияларын көрсетіп таныстыру.
Практикалық тапсырма: (20-25 мин)
1-ші топқа ас үйге арналған жиһаз жиынтығын (эскизын) сызып, ол жиһаздарды жеке-жеке бөліктерге бөліп, топ басшысы әр оқушыға бөліп береді. Бөлініп берілген жиһаз бөлігін жеке А4 форматына эскизын салып бояп қиып алуы қажет. Ал келесі А4 форматқа жиһаз пішімін салып, өлшемдерін бере отырып ол қандай материалдан және керекті фурнитуралар тізімі және ол жиһаз бөлігін жасау үшін қандай станок түрі қолданылады соларды жазып қорғау. Яғни әр студент плакатқа қиып алынған жиһаз эскизын рет-ретімен қоя отырып түсіндіру. Ас үйге арналған жиһаздар жинақталып барлығы қорғалып болған соң топ басшысы жалпы жиһаз өлшемі, түсі материалы жайлы ұғым береді.
Сол сияқты 2-ші топ та жатын бөлмеге арналған жиһаз түрін топ болып бірлесіп эскизын салады. Топ басшысы төсегін,камодын,шкафын, тумбасын әр оқушыға бөліп береді. . Бөлініп берілген жиһаз түрін жеке А4 форматына эскизын салып бояп қиып алуы қажет. Ал келесі А4 форматқа жиһаз пішімін салып, өлшемдерін бере отырып ол қандай материалдан және керекті фурнитуралар тізімі және ол жиһаз бөлігін жасау үшін қандай станок түрі қолданылады соларды жазып қорғау. Яғни әр студент плакатқа қиып алынған жиһаз эскизын рет-ретімен қоя отырып түсіндіру. Жатын бөлмеге арналған жиһаздар жинақталып барлығы қорғалып болған соң топ басшысы жалпы жиһаз өлшемі, түсі материалы жайлы ұғым береді.
V. Жаңа сабақты қорытындылау: (1-2 мин)
Жаңа сабақты әр студенке таратылған стикерларға бүгінгі сабақтан білген, түсінген немесе сабақтан алған әсерлері туралы жазып тақтаға ілу.
VI. Бағалау. (2-3 мин).
VII. Үйге тапсырма. Басқа маркалы ағаш өңдеу станоктары жайлы қосымша ақпарат жинақтап техникалық сипаттамасын тауып келу.
Ашық сабақтан көріністер
Достарыңызбен бөлісу: |