Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау» әдісі
ІІІ.Мағынаны тану
Әсемдікті көре білу керек. Табиғат тамашаларына бір сәт көз салыңдаршы. Мұндай шеберліктің сырына бойлап, әсемдікті бағалай білген де жақсы.
Гүл – жердің жаратылыс берген сәні. Ал көбелек болса жиегі иректелген, таңбалы өрнектері бар «әдемі көйлек» киген табиғат туындысы. Қанатындағы тамшыдай дақтарына назар аударыңдаршы. Мұның бәрі тылсым бір сұлулық!
Құс пен балыққа қараңдаршы! Жанарыңды жаулайды!
Табиғаттың барлық таңғажайыптарын түгендеп шығу мүмкін емес. Біз одан әсемдікті үйренеміз. Ойланып, қорытынды жаса. Табиғатта бәрі де керемет, пайдалы!
«Табиғат таңғажайыптары» аппликация құрастыру.
Сергіту сәті.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу.
1. Суретшілер мен дизайншылар өз суреттері мен өрнектерін неге сүйеніп жасайды?
2. Сенің айналаңда табиғи материалдардан жасалған бұйымдар бар ма?
3. Адам табиғатты ластай ала ма?
4. Баршамыздың ортақ үйіміз – Жерді сақтап қалу үшін бізге не істеу керек?
Жеке жұмыс
Жеке оқушылармен жұмыс
VІ. Рефлексия. Кері байланыс
Не ұнады?
Не қиын болды?
Ұсыныс, тілегің?
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
|