Сабақтың тақырыбы «Тағам және сусын» тақырыбын зерттеу дәмханада төлем жасау. Монеталар сомасы



Дата23.08.2017
өлшемі189,78 Kb.
#25368
түріСабақ

Сабақ жоспары




Пән: Математика

Мектеп: №46 орта мектебі

Күні: 28.03.2016 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Наурызбаева С.Ш

Сынып:

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны: 0




Сабақтың тақырыбы

«Тағам және сусын» тақырыбын зерттеу – дәмханада төлем жасау. Монеталар сомасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.12 Белгілі бір соманы монеталармен төлеуді түсіну

Сабақтың мақсаттары

Монеталармен белгілі бір соманы құрастыру;

«Тағам және сусын» тақырыбын қарастырып, төлем жасау үшін тағамдардың бағаларын анықтап, белгілі соманы төлеуді түсіну.




Жетістік критерийлері

Әртүрлі монеталардың номиналды құнын таниды және белгілі бір соманы төлеуде дұрыс қолдана алады.

Сөздік қор


Монета, сома, ақша, теңге, номинал, баға, төлеу.

- Азық-түлік сатып алу үшін бізге ақша керек.

- Қымбат емес заттарды сатып алу үшін, біз монеталарды қолданамыз.

- Қанша тұрады?

-Төлем жасау үшін … монеталарды қолданамын.

- … қайтарамын.



Құндылықтарды дарыту

Ас-тағамды құрметтеп, кие тұтуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім


100-көлемінде санай білу; ондықтармен санау, санды теңдіктер мен теңсіздіктерді салыстыра және суреттей біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.

Ішінде теңге монеталары (1тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг, 100 тг) бар дорбаны алып, монеталар дыбыс шығаратындай дорбаны сілкіп қағу.

  • Мына дорба сендерге таныс, ішінде не бар еді?

  • Номиналдық құны бойынша қандай монеталарды білесіңдер?

  • Номиналдық құны бойынша ең кіші монета қандай?

  • Номиналдық құны бойынша ең үлкен монета қандай?

  • Номиналдық құны бойынша 20 теңгелік монета қандай монеталардан артық?

  • Номиналдық құны бойынша 20 теңгелік монета қандай монеталардан кем?

  • 100 тг алу үшін неше 1 теңгелік монета керек?

  • 10 тг алу үшін неше 5 теңгелік монета керек?




Сабақтың ортасы



(Ұ) Сабақтың мақсатын қою. Оқушыларға сабақтың мақсатын қоюға мүмкіндік беру. Тақтада: сома, монета, төлеу сөздері жазылған. Сома деген сөздің мағынасын алдын ала түсіндіру.

- Бүгін біз сабақта соманы монеталармен төлеуді үйренеміз.

Алдымен монеталардың номиналдық құнын еске түсірейік. Алдымен 7 оқушы құны 1тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг, 100 тг салынған дорбадан монеталарды алып, өсу ретімен орналасады. Содан соң 7 окушыны бір қатарға тұруды сұрап, қолдарына келесі ретпен монеталарды 1тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 100 тг, 50 тг таратып беру. Қалған оқушылардан не байқағандарын сұрап, қатені түзетуді сұрау.

(Т) Оқушыларды 5 топқа топтастыру. Монеталарды кему ретімен орналастыруды сұрау.

(ЖЖ) Алдымен сабақтың мақсатын, содан соң «Тағам және сусын» ортақ тақырыбын естеріне түсіріп, айтуды сұрау.

- Азық-түлік сатып алу үшін бізге не керек?

- Реседің ақшасы «рубль» деп аталады, ал Қазақстанның ақшасы қалай аталады?

- Қымбат емес заттарды сатып алу үшін, біз нені қолданамыз?

- Олай болса, монеталарды қолданып азық-түлік сатып алып көріңдер ( әр жұпқа әртүрлі заттар тарату). Дәптерге жазыңдар. Оқушылардың жұмысын бақылау арқылы бағалау.

Бір дәптердің бағасы – 22 тг болса, оның қандай монеталар төлеп, сатып алуға болады?

20 +1+1 20+2 10+10+2 10+10+1+1 5+10+5 +2
Бағасы 77 теңге

Бағасы 35 теңге
Бағасы 56 теңге

Бағасы 94 теңге

Бағасы 28 теңге

(Т) Мысалды ұсыну: «Аналарың сендерді дүкенге барып, нан алып келуді сұрады. Нанның бағасы – 60 теңге ».

- Нанды сатып алу үшін қандай монеталармен төлейсіңдер?

Әр топтың нұсқасын тыңдау.

(Ө) Өзіндік жұмыс.

Бағасы 58 теңге

Мына суреттегі құрт қанша тұрады? (Суретті іліп қою). Құртты сатып алу үшін, сатушыға қандай монеталар бересіңдер?

Өзара тексеру.

Тағамдар модельдері және суреттері;

баға жазылған кеспеқағаздар; құны 1тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар.



Сабақтың соңы

  • Сабақта нені үйрендік?

  • Белгілі бір соманы жинау дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Баға деген нені көрсетеді?







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушыларға соманы жинау үшін комбинациялар құруға көмектесу үшін, оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет