адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіреді.
ағзаның белсенді қорғанысы туралы білімді меңгереді.
адамның ағзасының қорғануына мысал келтіре алады.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау Зертте. Оқушылар зерттеу барысында « Адамдар тығыз орналасқан жерде вирустық инфекциялар қалай тарайды?» деген сұрақтың жауабын іздейді. Зерттеу жасау үшін сыныпты шағын топтарға бөліңіз.
Барлық топқа қажетті құралдарды үлестіріңіз. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.
• Оқушылар вирустық инфекцияның адамнан адамға таралу жолын бақылайды.
• Вирустық инфекциялардың тіршілік ортасы арқылы таралуын түсіндіріп береді (су, азық-түлік,тұрмыстық заттар).
• Инфекцияның таралу жолын білгеннен кейін олардың алдын алу шараларын анықтайды.
Зерттеу барысында оқушылар дереккөздердің артықшылығы мен кемшілігін анықтап үйренеді. Олар инфекцияның таралу жолдарын меңгерген соң, ағзаны қорғауға қатысты ережелерді ойлап таба алады.
Оқушылар инфекция таралуының екі жолы бар екенін анықтайды: бірі жөтел мен түшкіру – тура жол, екіншісі
– су, азық-түлік, сүлгі арқылы (жеке гигиеналық заттар)
– сыртқы орта жағдайлары (жанама). Қорытынды жасатыңыз. Гигиеналық шараларды сақтау арқылы ағзаны бактерия мен вирустардан қорғауға болады. «Вирустық инфекциямен ауырған адам неге үйде жеке қалып, адамдар көп шоғырланатын орындарға
баруына болмайды?» – деп сұрақ қойыңыз. Адамдар
тығыз орналасқан жерде (автобуста, метро вагонында, сыныпта) аурумен тығыз қарым-қатынас жасағанда және әртүрлі жағдайда (заттар, азық-түліктен) адамдардың сақтануы қиын.
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.