Ширату тапсырмасы. Суды тазартуға арналған сүзгіні қалай жасауға болады? Ойлан. Оқушылардан ата-аналарымен бірге табиғат аясында демалысқа немесе сапарға шыққанда- ры жайлы сұрап біліңіз. Егер алып шыққан сулары таусылып қалып, жанында тек көл мен өзен ғана болса не істеу қажеттігіне болжам жасауды ұсыныңыз (Суды таза матадан не бірнеше қабат дәкеден өткізіп қоқыстан тазартуға болады.) «Жоғары темпе ратурада ғана жойылатын бактериялар мен микробтардан қалай тазартады?» (Суды қайнату қажет). «Баяндама» Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.