Негізгі бөлім.
Үй тапсырмасын тексеру
|
5 минут
|
І. Білу. «Зымыран сұрақтар» өткен сабақта оқушыларға күй туралы біліп келу тапсырылған болатын,сол тапсырма бойынша сұрақтар қою
1.Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?
2. Күй дегеніміз не ? 3.Күйдің қандай түрі бар?
4. Күйші дегеніміз кім?
5.Қазақтың қандай күйшілерін білесіңде?
6.Аңыз дегеніміз не?
|
Әр топтан бір оқушы шығып, сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді. Топ басшылары бағалап отырады.
1.Домбыра,қобыз,шаңқобыз,дабыл, дауылпаз,сазсырнай т.б.
2.Күй дегеніміз-қазақтың домбыра
,қобыз сияқты ұлттық аспаптарымен орындалатын шығарма
3.Екі түрі бар:шертпе күй және төкпе күй
4.Күйді орындаушы,халыққа жеткізуші адам
5.Құрманғазы,Дина,Тәттімбет,Сүгір,Қазанғап
6.Аңыз-өмірде болған елеулі оқиғалар,ертеректе өмір сүрген адамдар және белгілі жер-су,мекен жайлы айтылатын ауызша проза үлгілері
|