“Т.Әубакіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6-сынып
Тақырыбы: Тамыр аймақтары.
Пән мұғалімі: Айғожаева Сандуғаш
Бәйдібек би ауылы 2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:Тамыр аймақтары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға тамыр бөлімдерінің 5- ке бөлінетіні,олардың құрылысының ерекшеліктері,бөлімдердің қызметі туралы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: тамырдың өсімдік тіршілігіндегі,табиғаттағы маңызын талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа ,еңбексүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту туралы білімнің маңызын ашу.
Сабақтың түрі: Саяхат
Сабақтың типі: Аралас
Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту .
Сабақтың көрнекілігі: Бейне слайдтар,кодоскоп,интерактивті тақта,таблица.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау .
Қорытындылау
Жаңа білім беру.
Бекіту.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу,қатысуын тексеру ,дайындықтарын бақылау, сабақтың саяхат түрінде өтетінін,саяхатқа поезбен шығып білім қалашығына баратынымыз айтылды. Поезда 3 вагон бар,1-вагон жұмсақ,2-вагон жайлы,3-вагон жалпы.Оқушыларға әр аялдамада билеттер сатылатыны айтылды.Әр билетте сұрақтар болады. Сұрақтарға жауап беруіне байланысты әр вагонның астына өздерінің атын жазады.Вагондарға отырғызудыжауап бергеніне қарай отырған оқушылар айтатындығын айтылды.
Жұмсақ вагон-5.
Жайлы вагон-4
Жалпы вагон-3деп бағаланады.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
1- аялдама сұрақтары.
Мүше дегеніміз не,өсімдікттердің мүшелерін ата.
Тамыр өсімдіктің қандай мүшесі,атқаратын қызметі қандай?
Вегетативті мүшелерді ата,вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?
2-аялдама сұрақтары.
1.Тамырдың шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олар қайда пайда болады?
2.Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?
Жауабы: Тамыр өсімдік тірегі.
3.Үй тапсырмасын қорытындылау.
Сабақтық диктант.
Тақтадағы тапсырмалары ішіндегі дұрыс жауапты тауып «иә»бағанына ,қате жауап «жоқ» бағанына белгілеңіз.
1.Өсімдіктің мүшелері өсімді және көбею болып 2-ге бөлінеді.
2.Мүше дегеніміз-тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші бөлшегі.
3.Көбею мүшесіне-тамыр,сабақ, жапырақ жатады.
4.Тамыр өсімдіктің жер асты мүшесі.
5.Тамырлар шығу тегіне қарай кіндік және шашақ тамыр болып бөлінеді.
6.Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.
7.Жанама тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.
8.Тамырдың атқаратын қызметі қоректік, тіректік,көбею.
4.Жаңа сабақ.
Оқушылар поезға билеттер алып, «Білім» қалашығына келгені айтылады.
Жаңа сабақтың тақырыбы: Тамыр аймақтары.
Сұхбаттасу кезеңі.Жаңа тақырыпты оқып білу. Бүгін біз тамыр бөлімдері туралы айтамыз.
5.Бекіту
1.Тамыр бөлімдерін ретімен ата.
2.Тамыр түктері бар аймақта неліктен сору аймағы деп аталады?
3.Бөліну аймағы неше аймақтан тұрады?
4.Тамыр оймақшасының қызметі?
6.Бағалау
Оқушылардың өздерінің сұрақтарына жауап беруіне қарай отырғызылған вагондарына қарай отырып бағаланады .
Жұмсақ вагонға отырған оқушы «5»
Жайлы вагон «4»
Жалпы вагон «3» деп бағаланады.
7.Уйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |