Пәні: Түзету- дамыту №6
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы:Отбасылық соцеметрия.
Мақсаты:1.Отбасы оның мүшелері, бір-бірімен қарым -қатынас,үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасы мүшелерінің орны туралы мағмұмат беру.
2. Сөздік қорын, тілін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:отбасы суреттер
Жүргізу әдісі: түсіндіру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту.
-Оқушыдан отбасы сөзін қалай түсінетін сұрау?
-Отбасына кімдері жатқызамыз?
Ата, әже, әке, ана, әпке, сіңілі, қарындас, іні, көқе ,тәте. т.б.
-Жоғарыда суретте не бейнеленген ?
-Отбасы мүшелерінің дастарқан басында орналасуы.
Және ағаш бұтақтарына оқушының отбасының суреттерін жапсыру.
-Төрде кімдер отыр? Ата мен әже.т.б
-Отбасында сені қалай еркелетеді ?
Сенің отбасыңдағы соцеметриялық орның қай жерде?
3.Сергіту сәті:
Самал сипап шашымды,
Күн төгеді арайды.
Құс боп ұшсам батымды,
Күл қол бұлғап қарайды.
4.Тез ойлан ! ойыны.
Оқушыға сөздерді буынға бөліп, неше әріп, неше дыбыс бар екенін табтыру.
Отбасы От-ба-сы. 6 әріп, 6 дыбыс.
Ата А-та 3 әріп, 3 дыбыс 2 буын.
Әке , Қарындас т.б
Сабақты қортыдылау.
Пәні: Түзету- дамыту №7
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Қағаз бетіндегі қеңістік. Қағазбен жұмыс жасау.
Мақсаты: 1.Балаларды қағаздың түрлерімен таныстыру.
2.Қағазбен жұмыс жасау іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.
3.Тік төртбұрышты пішіндерден әр түрлі ойыншықтар жасатып ой-қиялын дамыту, еңбекке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, үлгі суреттер. Картон және жазу жазатын жұқа қағаздар т.б.
Әдіс-тәсілдері: қағазбен жұмыс істеу: бүктеу, қию, желімдеу, қағазды теңестіру, көлемі, пішініне сәйкес тең етіп қию жолдарын түсіндіру. Үлгілерді талдау.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: үй жануарлары мен жабайы жануарлар жайында ертегі оқу. Сурет бойынша әңгімелету. Ерекшеліктері жайында айтып, сипаттама беру.
Достарыңызбен бөлісу: |