Түзету- дамыту №40
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып әліппе.
Мақсаты: Әріптерден пазл құрастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
“Барабан”
Мазмұны:
Езу тартамыз, аузымызды ашамыз.
Анықтап қайта-қайта Д-Д-Д-Д деп айтамыз.
Дыбысты айту барысында тіл жоғарғы тістерге жабысып тұрады,
Аузымызды жаппаймыз.
Осы жаттығуды орындау барысында көп бала аузын жауып алады.
Осы жағдай болмау үшін тіспен екі бір сантиметрлік таяқшаны немесе осыған ұқсас затты (сызғышты) тістеп тұру керек.
Үндік”
Мазмұны:
Ауызды ашып тілді жоғары ерінге қойып тұрып
оңды-солды қимылдатамыз.
Тілді еріннен ажыратпау керекпіз.
Сонан соң жаттығуды жасауды тездетеміз де “бл-бл-бл” деп айтқызу керек.
“Маса”
Мазмұны:
Езу тартамыз, аузымызды ашамыз.
Тілді жоғарғы тістерге көтереміз де,
“З”дыбысын айтамыз.(егер бала дыбысты дұрыс айта алса)
Бала жаттығуды орындау барысында аузын жауып алатын болса,
“Барабан” жаттығуындағы сияқты қосымша механикалық көмекпен пайдаланамыз.
“Кеме”
Мазмұны:
Ауызды ашып ұзақ дем шығарып,
Осы бір демде Ы-Ы-Ы-Ы деп дыбыстау керек.
Тілдің ұшының төмен тұрып ауыз қуысының
түкпірінде болғанын қадағалау керек.
Түзету- дамыту №41
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Жаңбыр астындағы адам.
Мақсатым: Тақырыпты түсіндіру ой-өрісін дамыту.есте сақтау қабілетің дамыту.
“Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?”
Мазмұны:Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
1) Интерпритация
Қызыл- қуанышты көңіл-күй
Алқызыл-ұнамды көңіл-күй
Сары-жағымды көңіл-күй
Көк- суық көңіл-күй
Қоңыр-қиналған көңіл-күй
Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй
Қара-күш қуаттың төмендеуі
Ақ –анықталмаған көңіл-күй.
2) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.
Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды.
Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады. Балалар арасында «Дүкенге баратын дұрыс жолды кім көрсетеді?»
Деген тақырыпта жарыс ұйымдастыру. Сол сияқты бір мекемеге баратын жолдың бағытын түсінікті етіп айтсаңыз балалар сіздің қайда барғыңызды өзі табуы керек. Әрине, сіздің тексеріп отырған бала өзінің баратын мектебіне, ойын алаңына, дүкенге жолда жүру ережесін сақтау ешқандай қатерсіз ондай баратын жолды білу керек. Әңгіме барысында баланы аялдама, бағдаршам, жолдан өту белгілеріне назар аударып, жақын маңда аурухана, мектеп, жүретін жолы, жақын маңда темір жол, шұғыл бұрылыс деген белгілерді де ажырата білуіне мән беруі керек.
Егер бала тұратын жерде автокөлік қалашығы болса, жолда жүру ережесін ажырату қиын емес. Сонымен бірге троллейбус, трамвай, автобус әртүрлі жеңіл машиналар түрін ұқсастығы мен айырмашылығын да сұрау керек. Осының бәрі бала мектепке барғанда математикалық есеп құра білуге көмектеседі.
Баланы математиканы меңгеруге дайындау.
Мектептегі математикалық бағдарламаны жеңіл игеру үшін баланың көлем, форма, кеңістік пен сандық ұғымдар туралы дұрыс түсінігі болуы шарт. Санды ретімен санау, есептеу, салыстыру геометриялық фигураларды ажырата білуге үйретіледі.
Бүлдіршіндер мектепке келген күннен бастап, қарапайым математикалық есептерді де өздігінен шеше алатындай болуға тиіс. Сабақтағы мәселе есептің мазмұны, ондағы кейіпкер балаларға бұрыннан таныс мамандық иелері болуы керек.
Мысалы: «Ағаш шебері төрт орындық дайындады, бағбан жеміс ағаштарын отырғызды немесе сауыншы 10 сиыр сауды, қойшы 8 қойды айдап келді деген ұғымды түсінсе баланың малдың иесі кәсіпкер туралы түсінігі кеңейе түседі».
Баланы мектепке дайындауға кеңістік пен сан және есептік сандар туралы түсінігінің болуының маңызы ерекше /көп – аз, артық – кем, үлкен – кіші деген сияқты/. Мектепке барғаннан кейін де математикалық ұғымды игеру қиындық тудырмау үшін ата-аналар мен тәрбиешілер бірлесіп, математиканы игеруді олардың ой - өрісін кеңейтетіні мәлім.
Баланың кеңістікті бағдарлай алуы.
Дамуында кешігуі бар балалар өзінің күнделікті тұрмыстық қажетіне жақын кішігірім бөлменің ішіндегі кеңістікті ажырата алады.
Ал, бала мектепте өзін сенімді еркін сезіну үшін «кеңістік» туралы ұғымы кең болуы керек.
Мұндай бала мына сұрақтарға жауап бере алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |