Ұзақ мерзімді жоспарлардың тарауы: 5.3А
Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер .
|
Күні: 13.01.2023ж.
Сынып: 5 «Б,В»
Қатысқандар:___ Қатыспағандар:___
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Таулардың үгілуі.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
|
5.4.1.1- Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау.(табиғаттағы заттардың айналымы,тау түзілуі,үгілуі,климаттық үдерістер)
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: өлі табиғатта болатын үдерістерді біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Тау жыныстарының бұзылуына сыртқы куштердің әсер ететіндігін анықтайды.
Кейбір оқушылар: Үгілудің үш түрлі тізбесін сипаттайды.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу, түсіну
|
Бағалау критерийі
|
Өлі табиғатта болатын үдерістерді атайды.
Тау жыныстарының үгілуіне әсер ететін факторларды анықтай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқылым: Мәтінді оқи отырып, өлі табиғаттағы үдерістерді зерделейді.
Тыңдалым: Бейне материалды көре отырып, табиғаттағы заттар айналымын тыңдайды.
Айтылым, жазылым:Топтық жұмыста пікірталасқа түседі,терминдерге түсінік береді, жазады.
Пәндік лексика мен терминология: Үдеріс, топырақ , Физикалық , химиялық, биогендік т.б
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Өлі табиғатта болатын үдерістерге жатады ...
Табиғаттағы заттар айналымына мысал келтіріңдер?
|
Құндылықтарға баулу
|
Барлығына тең құқықтар мен мүукіндіктер туғызу , үздіксіз білім алу. Оқушының бойына құрмет , ынтымақтастықтарын дарыту .
|
Пәнаралық байланыс
|
Биология пәніндегі өлі және тірі табиғат бөлімімен байланысты
|
Алдынғы білім
|
Спиралды қағидаттарға байланысты бұл тақырып 4 сыныптағы дүниетану пәніндегі табиғат құбылыстары тарауынан үстіртін таныс.
|