Бүгінгі күннің жадын дәптерімізге жазайық.
Он алтыншы ақпан
Ы.Алтынсариннің
«Таза бұлақ»
«Топтастыру» әдісі бойынша топтық жұмыс, жұмыс.
-Ыбырай Алтынсарин кім? Топ ішінен ортаға салып оқып шығады.
Әр топқа хатқалта беріледі. «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі бойынша мәтінмен таныстыру. Мәтін абзац бойынша төрт бөлікке бөлінген. Топ ішінде оқып, дұрыс орналастырады.
-Үш жолаушының қайсысының пікірі дұрыс деп ойлайсың?
-Қолдарыңдағы мәтін бөліктерін реттеу кезінде неге бөліктерді осылай орналастырдыңдар? Мәтін бөліктерін тізбектеп оқыту (оқу жылдамыдығын пысықтау). Әңгімелеу.
Ғибрат алу-үлгі алу (мәтіннен тауып оқу)
Тасқа жазылған сөзді тауып көшіріп жазу.
-Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!
Шығармашылық жұмыс:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдаған «Қазақстан – 2030» жолдауы болашағымыздың бағдары. Жолдаудың сегіз бағытының бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.
1 топ – «Сусыз тіршілік жоқ» шағын шығарма жазу.
2 топ – Суға байланысты тыйым сөздер білесіңдер
3 топ – Бұлақтың қасындағы тастың суретін салу
4 топ – Балықтар атынан сөйлеу «құтқарыңдар біз азайып барамыз!»
Ой толғаныс:
5 жол өлең стратегиясымен оқушылар қорытындылайды.
1 Зат есім-1 Бұлақ
2 Сын есім-2 таза, мөлдір
3 Етістік-3 сылдырлайды, ағады, ішеді
4 Сезімге байланысты 4 сөз Үш жолаушы бұлақта кездесті.
5 Синоним Су
Рефлексия:
-Сабақ ұнады ма?
-Стикерге бүгінгі сабақ бойынша ойларыңды жазып, іліндер.
|