Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау» әдісі.
8 минут
|
Ұйымдастыру:
Оқушылармен сәлемдесу, сыныптағы қажеттілікті түгелдеу, топтық және жұптық жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін ескертемін.
flippity қосымшасы арқылы үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығаруды қарастырдық.
-Балалар, сендер мәтінді есептер- дегенді қалай түсінесіңдер?
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер?
- Бүгінгі сабақта нені үйренеміз -деп ойлайсындар?
Оқушылар өздері тақырыпты ашып, мақсаттарын анықтайды.
|
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
flippity қосымшасы арқылы жүзеге асады
«Құс белгі »әдісі арқылы
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады
|
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
flippity
Құс белгі
LearningApps
ДК экраны
|
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
2 минут
Жеке, жұптық, топтық жұмыс.
15 минут
10минут
|
Жаңа сабақ:
Wordwall қосымшасы арқылы жұпқа ,топқа бөлу
"Ойлан жұптас бөліс" әдісі арқылы
1-топ:
Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 16 км/сағ. Оның өзен ағысы бойымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жылдамдығынан 6 км/сағ-ка артық. Өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
Шешуі. Моторлы қайықтың өзен ағысы бойымен жылдамдығы (16 + х) км/сағ ,өзен ағысына қарсы жылдамдығы (16 - х) км/сағ-ка тең.Есептің шарты бойынша (16 + х) - (16 - х) = 6 теңдеуі шығады.
Сонда, 16 + х - 16 + х = 6 немесе 2х = 6 немесе х = 3.
өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ.
2-топ:
Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар барлық шет тіліндегі кітаптардың 40% - ін, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап – неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде неше кітап бар?
|