Кіріспе
5 минут
|
Ұйымдастыру. Амандасу.
Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру.
Психологиялық ахуал
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол жұптың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі сабақ барысы,
Біз үшін үлкен қуаныш.
Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
Жоқ сандарды орнына қойыңдар:
|
Амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.
Үй тапсырмасын айту
Тапсырмалар орындау
|
Мұғалім өзара бағаалау жүргізеді.
|
Тақта, психологиялық ахуалға арналған кубик
|
Негізгі бөлім
|
Жұптық жұмыс
1 жұп
№1. Теңдеу құрып, оны шығарыңдар:
а) 3p – 12 және p + 1 өрнектерінің мәндері тең;
b) 5a + 14 және 2a + 7 өрнектерінің мәні қарама қарсы сандар;
c) 1 – x өрнегінің мәні 3 – 5x өрнегінен 1-ге артық;
d) 5 – y өрнегінің мәні у өрнегінен 3 есе артық.
№2. Бірінші қатардағы кітап екінші қатарға қарағанда 5 есе артық. Егер бірінші қатардан 12-і кітапты екінші қатарға қоятын болсақ, онда екі қатарда кітаптар саны тең болады. Алғашында әр қатарда қанша кітаптан болған?
№3. Екі қатарда кітаптар саны бірдей. Егер екінші қатарға 15 кітапты қоссақ, онда екінші қатарда бірінші қатарға қарағанда кітаптар саны 2,5 есе көп болады. Алғашында әр қатарда қанша кітаптан болған?
№4. Ауылдан қалаға велосипедші 2 сағат, ал жаяу адам 6 сағат жол жүреді. Велосипедшінің жылдамдығы жаяу адамның жылдамдығынан 12 км/сағ артық. Жаяу адамның жылдамдығы неге тең?
Есеп шығаруда мына кестені пайдалан:
Қозғалыс
|
v (км/сағ)
|
t (сағ)
|
S (км)
|
Жаяу адам
|
x
|
|
|
Велосипедші
|
|
|
|
№5. «Сынақ және қате» әдісі бойынша теңдеудің бірнеше натурал түбірін табыңдар:
x(x + 3) = 18.
|