Сабақтың тақырыбы: «Тәлімгер портфолиосын қорғау»



Дата07.06.2020
өлшемі71 Kb.
#72558
түріСабақ
Байланысты:
691 698 9956


Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105083 - «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: ББ-П-17



Тәжірибе жинақтау түрі: Жазғы лагерьге дайындық

Күні: 06.06.2020ж
Қайырлы күн, білім алушы!
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Тәлімгер портфолиосын қорғау»

Тәлімгер портфолиосын құрудың негізгі принциптері:


• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – тәлімгердің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің, жүргізген жұмыстарының талдауын қамту;
Портфолио тәлімгердің өз қызметіндегі тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек береді.
Портфолио:
•Тәлімгердің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуының;
• Тәлімгердің жұмысының нәтижесінің, кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Тәлімгер портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолио құрамы Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығының нұсқауының негізінде жасалды.
Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар,өткізген жұмыстардың материалдары және т.б.) түрде жасалады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональды міндеттеріне:
• тәлімгердің портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуды;
• тәлімгерге жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);
•тәлімгер портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (тәлімгердің кәсіби дамуының деңгейі туралы);тиісті
Портфолио әдісін енгізу тәлімгердің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және тәлімгер еңбегінің көтерілуіне көмек береді.

ҚҰЖАТТАР ПОРТФОЛИОСЫ:

1-папка:

Нормативтік-құқықтық құжаттар:

ҚР Білім туралы Заңы

Бала құқығы туралы Конвенция

ҚР Тіл туралы Заңы

ҚР Қоғамдық Ұйымдары туралы Заңы

Ақтөбе облысы бойынша 2013-2020 жылдарға арналған бағытты-бағдарлама

ҚР Кешенді тәрбие бағдарламасы

т.б. негізгі Заңдар


2-папка:

Республикалық «Жас Ұлан» балалар ұйымы туралы мәлімет(титул бет)

1.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан»ХДП-ның ХІІІ съезіндегі сөзі

2. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижесі

3. «Жас Ұлан» ұйымының негізгі атрибутикалары туралы мәлімет

(Ту, төс белгі,галстук «Жас Ұлан» әні)

4. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға қойылатын талаптар

5. «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің мүмкіндіктері

6. «Жас Ұлан» ұйымының құрылымы

7. Дәстүрлі шаралары

8. «Жас Ұлан» ұйымының салтанатты уәде беру Анты

9. «Жас Қыран», «Жас Ұлан» туралы мәлімет
3-папка:

_____________ ОМ-нің(мектептің атауы) «Жас Ұлан» балалар ұйымы(тутул бет)

1.Мектеп туралы мәлімет(мектеп тарихы қысқаша, мектеп әнұраны, мектеп эмблемасы)

2. Мектеп «Жас Ұлан» балалар ұйымы туралы (құрылған күні,жылы, бала саны, «Жас ұлан», «Жас қыран саны», ұл саны, қыз саны)

3. Мектеп «Жас Ұлан» ұйымының құрылымы (схема)

4. Аға тәлімгер туралы мәлімет (суреті, түйіндемесі, қысқаша өмірбаяны, диплом бойынша мамандығы, санаты болса бұйрығының,куәлігінің көшірмелері,курстан өткені туралы сертификаттарының көшірмелері, осы қызметте қай уақыттан бастап істейтіндігі туралы анықтама, тәлімгер жұмысына байланысты алған марапаттары егер болса)



Үйге тапсырма:

  • Тәлімгердің портфолиосын жасау мақсатында іс-қағаздарды жинақтау


Негізгі әдебиеттерге сілтеме:


  1. https://www.youtube.com/watch?v=b252ARLMe0k

  2. https://www.youtube.com/watch?v=-F4C6BiFQVc

  3. https://infourok.ru/balalardi-zhazi-demalis-pedagogikasi-1754381.html

  4. https://kz.otyrar.kz/2019/07/balalardyң-zhazғy-demalysyn-ұjymdastyru/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет