Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік ­­­‒ қазағымның арманы! Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биылғы жыл ‒



бет2/4
Дата25.06.2018
өлшемі0,49 Mb.
#44194
түріСабақ
1   2   3   4
2-оқушы:

Қазақстан ұлт атын ұлықты еткен

Ұлылардың арманын биіктеткен

Өзге де ұлт, ұлысқа қоныс болып,

Оларға да жақсылық үйіп-төккен.

Қазақстан республикам, мақтанышым

Мен сені жырламаймын мақтан үшін

Құдайым маған құйттай жүрек берген

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін!

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дәйек сөздеріне тоқталайық.

3-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты тату, ынтымақшыл халқы бар.



4-оқушы:

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі.



5-оқушы:

Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.



6-оқушы:

Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан-Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді.



7-оқушы:

Тұлпарға мініп, Ер түрік

Көзінде жалын ойнаған.

Ел десе, байтақ жер десе

Есесін берген қай бабам?!

Егемен жұртым, ендеше,

Тек ерлік қана сай маған!

Көрініс: «Тәуелсіздік таңы»

1-ші немере: Әже, әжетай, далада керемет болып жатыр.

Әжесі: Е, жарығым, бұл Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой.

1-ші немере: Әжетай, тәуелсіздік деген не?

Әже: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың балам.

1-ші немере: Әже, мен қызықты көруге кеттім.

Әже: Бара ғой, балам.

Автор: Екінші немересі әжесінің қасында жатып, қолында шырағы бар періштені түсінде көреді.

Періште: Әй, балақай, тұрсаңшы, таң атып қалды. Мына шыраққа қарашы, бұл саған берілген бақыт құсы (балаға ұсынады).

2-ші немере: Әже, әже, шырақты қара. Ұстап алайықшы, ұста! (бала шошып оянады)

Әжесі: Бисмилла, бисмилла, неге шошыдың балам?

2-ші немере: Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.

Әже: Е, ол сенің бақытың балам. Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.

2-ші немере: Алақай! Сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет