Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім»
Сыныптан тыс сабақтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, сезіндіру. Оқушыларды Отанды сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сыныптан тыс сабақтың әдісі: Әңгімелеу, пікірлесу, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Пайдаланылған материалдар: бейнеүзіктер, тақырыптық суреттер, нақыл сөздер, ел рәміздері
Сабақ барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер
Психологиялық ахуал.
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
- Армысың, мейірімді Жер – ана!
- Армысың, шұғылалы Алтын күнім!
- Армысың, тәуелсіз елім менің!
Топқа бөлу І топ- Бірлік, ІІ топ – Намыс , ІІІ топ – Ерлік
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, балалар!Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім»атты сыныптан тыс сабаққа қош келдіңіздер!
Ой қозғау.
Өз топтарыңның аттары туралы не айта аласыңдар ?
Құпия сөз бере отырып, оқушылардың ойларын тыңдау. (Тәуелсіздік)
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Сонау XVII-ші ғасыр басында жоңғарлар Қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді.
1723-ші жылдар Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.
1916-шы жылы ұлт-азаттық көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты.
Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда.
1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.
1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. Көптеген аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.
Бейнеролик көрсету.
1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы Қазақ ұлтынан болудыталап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.
Енді 1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақеліегемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақжарылқаған күнеді.
Осыныңнәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Оқушы: «Тәуелсіздік» Қалқаман Сарин
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым!
Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған Оған да!
Достарыңызбен бөлісу: |