Ақтөбе облысы
Ойыл ауданы
Амангелді орта мектебі
Жалмұқан Алтай
Сабақтың тақырыбы: Тәуке ханның билігі және “Жеті жарғы”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Тәуке хан тұлғасын таныстыру, Тәуке
хан тұсындағы қазақ хандығы, оның ішкі және сыртқы
саясаты мен “Жеті жарғы” заңы туралы түсінік
қалыптастыру;
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды адалдыққа,
адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, салт-дәстүрді
құрметтеуге баулу, Тәуке ханның халқына сіңірген
еңбегін түсініп, бағалай білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін
дамыту, Тәуке ханның саясаты туралы өз беттерінше
ізденіп, білім толықтыруға бағыт беру.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, тест, топтастыру,
Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, карта, портреттер, компьютер, интерактивті
тақта, баспасөз материалдары.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды отырғызып, класты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Интерактивті тақтада жазылған тест сұрақтарын шешу.
Сөзжұмбақ шешу. (Тәуке хан)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспары: 1.Тәуке хан
2.Тәуке ханның ішкі, сыртқы саясаты
3.“Жеті жарғы”
4.“Жеті жарғы” бойынша ханның құқығы
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. “Тарихи трибуна” . 7 оқушы кезегімен шығып өз тақырыптарын баяндайды.
1 оқушы – Тәуке ханның өмірбаяны туралы баяндайды. Тақтада портреті, өлең және шежіресі шығып тұрады.
2 оқушы – Тәукенің ішкі саясатын баяндайды. Ондағы билердің роліне тоқталу. Интерактивті тақтада 3 бидің портреті шығады.
Батыр
БИ Шешен Ақын
Көсем Саясаткер
Тәрбиеші Емші
Заңгер
Әр бөліміне оқушылар түсінік береді.
3-оқушы – Тәукенің сыртқы саясаты ( Жоңғармен)
4 оқушы – Бұқара, Хиуа хандықтарымен
5 оқушы – Ресеймен
Бекіту үшін компьютердегі мұғалім сөзі.
6 оқушы – “Жеті жарғы”
7 оқушы – “Жеті жарғы” бойынша ханның құқықтары
Топтастыру стратегиясы:
Құн дауы
Жеті жарғы
Жесір дауы Бала тәрбиесі
Жер дауы Ұлт қауіпсіздігі
Рулық дау Қылмыстық жауапкершілік
Оқушылар өздері жазады.
3. Венн диаграммасы:
Жеті жарғы ҚР Ата Заңы
4.Бекіту сұрақтары. Жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін сұрақ-жауап түрінде өткізу.
5. Қорытынды.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма. §26, 140-144 беттер,
Венн диаграммасы.
Әз-Тәуке Н.Ә. Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |