Сабақтың тақырыбы: Тың игеру Сабақтың мақсаты



Дата01.01.2020
өлшемі20,28 Kb.
#55357
түріСабақ
5 сынып Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Тың игеру

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін, ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шараларды оқушыларға жете түсіндіру.Қазақстан халқының демографиялық жағдайына әсері туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: Оқушыларды Ұлттар бірлігі – Отансүйгіштік рухтың аса бір қасиетті көрнісі екенін ұқтыру. Сонымен қоса елін , жерін сүюге, достыққа, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : Тың туралы тірек кесте сызба. Қазақстанның ХХ ғ. 50-60 жылдар кезіндегі карта.

Сабақтың әдісі : Баяндау ( сұрақ-жауап,ізденіс, пікір сайыс, тест)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа дайындығын , оқушыларды түгендеп,

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 

Ұлы жеңіске қосқан үлес «Бинго» әдісі (доп лақтыру арқылы)



  1. Мәншүк Мәметова қай қаланы азат етуге қатысты? (Невель)

  2. Кеңес Одағының Батыры атаған алған ең жас қазақ жауынгері?

  3. (Ж. Елеусізов)

  4. Әлия Молдағұлова қай елді мекенді азат етуге қатысты? (Ленинград)

  5. Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының батыры атағын ең алғаш алған жауынгер? (К.А.Семеченко)

  6. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры? (Рақымжан Қошқарбаев)

  7. Екінші дүниежүзілік соғыс қай елдің тізе бүгуімен аяқталды? (Жапония)

  8. Талғат Бегелдинов жаудың қанша техникасын істен шығарды? (800-ден астам)

  9. Ол неше мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды?

ІІІ. Жаңа сабақ барысы : Оқушыларға тың және тыңайған жерді игеру барысы туралы қысқаша мәлімет беріледі.Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып , тың игеру Ақмола , Қостанай, Солтүстік Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.Бұл – Қазақстанның солтүстік облыстары еді.1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га –ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды.

Оқушылар оқулық мәтінімен танысып, өз пікір ойларын айту үшін  3 топқа бөлемін. 1-тапсырма.



  1. топ:   Тың игерілген облыстарды тауып, сызба арқылы көрсету.

КСРО                                         Қазақстан

Қазақстан,                        Қостанай, Ақмола,

Сібір,                                  Солтүстік Қазақстан,

Солтүстік Кавказ,            Көкшетау, Торғай,

Орал,                                  Павлодар

Қазақстан

Еділ бойы

2- топ:  



Сырттан келушілерге жасалған материалдық ынталандыру шаралары:

Дүние –мүлкі тегін көшірілді.

Әр отбасы басшысына 500-1000 сом, отбасы мүшелеріне 150-200 сом бір реттік көмек көрсетілді.

10 жыл мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді.

Азық-түлік көмегі ретінде 1,5 центнер ұн берілді.

2-5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

1954 жылы наурызда Қазақстанға 250 мың әскер қатарындағы солдаттар келді.
3-топ:

Сандар сөйлейді:

1954 ж ақпан-наурыз тың және тыңайған жерлерді игеру жоспары бекітілді.

1960 жылы бір ғана Павлодар облысының өзінде 9 млн гектар жер эрозияға ұшырады.

1954-1965 жж. Қазақстанда 27 млн гектар жерге егін егілді.КСРО бойынша 42 млн жер жыртылды.

1945ж Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келді.

1954-1959 жж. Қазақстанның тың жерлерін игеруге 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды.

1972-1973 жж. С.Б. Дөненбаева 1972 жылы облыстық, 1973 жылы бүкілодақтық механизаторлар арасындағы жарыста жүлделі орын иеленді.


  1. тапсырма.

І-топ

Жетістіктер:

  1. Қала саны өсті.

  2. Халықтың өсуі артты.

  3. Халықтар ынтымағы артты.

  4. Астық өндіру жолға қойылды.

  5. Совхоздар көбейді.

  6. Қазақстан КСРО-ның астықты аймағына айналды.

  7. Қазақстан көп ұлтты республика болды.

  8. Жаңа елді мекендер көбейді.

  9. Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті.


ІІ-топ

Кемшіліктер:

  1. Ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді.

  2. Қазақ мектептері жабылды.

  3. Қазақ тілінде баспасөз жабылды.

  4. Демографиялық тілдік ахуал өзгерді.

  5. Жер-су аттары орысшаланды.

  6. Тың игеру экстенсивті тәсілмен жүргізілді.

  7. Экологиялық жағдай ауырлады.

  8. Мал шаруашылығы төмендеді.

  9. Қазақстан жерін бөлшектеуге тырысты.

  10. Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды

ІІІ-топ:


  • Терминдерге анықтама беру.

  • Тың игеру дегеніміз нені білдіреді?

  • Топрақ эрозиясы дегеніиміз не? Топырақ эрозиясы дегеніміз топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшінің салдарынан құнарының азаюы.

  • Гусмус қандай мағына береді? Гусмус, қара шірінді-топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар.

3 - тапсырма



Сөйлемдерді толықтыр.

І топ

1. Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері.................... (ескерілмеді)


2. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне ................... (менсінбей) қарау орын алды.

3. Шеттен келгендердің жайлап алу жағдайы тек солтүстік өңірде ғана емес, ....................... (Шымкент,Жамбыл, Алматының) өзге қалаларды да осылай істеді.



ІІ топ

4. 1950 жылдардың ортасынан бастап, Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасының бір бөлігі ...................... (тарихи Отанына оралуға) мүмкіндік алды.

5. Демографиялық ахуалдың .......................... (орыс тілді тұрғындардың пайдасына шешілуі) қазақ тілі мен мәдинетін ауыр жағдайға ұшыратты.

6. Сырттан келушілерге материалдық көмек ретінде әр отбасы

басшысына _ _ _ _ _ _ _ (500 – 1000) бір реттік көмек көрсетілді.

ІІІ топ


7.Тың игеру жылдары Қызылорда обл Шиелі ауданы «Қызыл

ту»  ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев  _ _ _ _ _ _ (күріштен)  рекордты өнім алуға қол жеткізді.


8. Қазақ мектептерінің саны .............. (күрт кеміді)

9. 1954-1959 жылдары 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды. Нәтижесінде ел астықты ..................... (алқапқа) айналды.


Картамен жұмыс.Тың игеру жүргізілген аудандарды картадан көрсету Сабақты қорытындылау. «Өрмекші торы» ойыны.
Үй тапсырмасы:§ 26 Тың игеру оқу. Тың игеру кезіндегі ауылымыздың еңбеккерлері туралы реферат дайындау. 

Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет