Сабақтың тақырыбы: Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі261,69 Kb.
#30799
түріСабақ
  1   2   3




Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектебі

Математика пәнінің мұғалімі- Хайруллина Г.Б.

Геометрия 11а сынып

Сабақтың тақырыбы: Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары.
Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға конус және оның элементтерімен, конустың жазықтықпен қималарымен таныстыру, конустың қималарына байланысты есептер шығару.

  • Оқушылардың айналу денелері туралы түсініктерін кеңейту.

  • Күнделікті өмірмен байланысын көрсету, халықтық педагогикамен байланыстыру, оқушылардың бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар конусты, конус элементтерін, конус жазбасымен, конустың биіктігін және бүйір қырын, қимада пайда болған фигуралардың аудандарын формула бойынша есептеп таба алады.

2. Алған білімдерін жүйелі түрде өз сөздерімен жеткізе алады, есептер шығаруда пайдалана біледі.


Белсенді оқыту әдістері: АКТ, СТО: суретті көрнекілік,топпен жұмыс, макеттер, үлестірме материалдары.
Бағалау: формативті бағалау, топтық бағалау.
Дереккөздер: 11 сынып геометрия оқулығы, үлестірмелі материалдар.
Тапсырмалар: 11 сынып геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, үлестірмелі тапсырмалар
Рефлексия: Білемін, білдім, білгім келеді.
Сабақ кезеңдері - мұғалім әрекеті: Оқушы әрекеті:
Ұй тапсырмасын тексеру (ауызша) 2 минут №24,25

№24 1) берілгені –цилиндр,

d=12 см, h=3,5 см №24

S=?


S=2πR(h+R) = 2π·6( 3,5+6)=114π см²
h

2) берілгені –цилиндр,


R

R=18 см; h=2,5 дм=25 см.

S=?

S=2πR(h+R) = 2π·18(25+18)=1548π см². №25



№25 берілгені тіктөртбұрыш
4 см

a=5 см, b=4 см.

S цилиндр-?

S=2πR(h+R)=2π·5(4+5)=90π см².


5см

Қайталау сұрақтары; ия-жоқ стратегиясы: (6 минут)



  1. Цилиндр деген көпжаққа жатады.

  2. Көлбеу және тік дөңгелек цилиндрлер болады.

  3. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданының формуласы S=2πRh

  4. Цилиндрдің жазбасы үшбұрыш, трапеция.

  5. Дөңгелектің ауданы S=2πR²

  6. Цилиндрдің толық бетінің ауданы S=2πR(h+R)

  7. Дұрыс көпжақтар



  1. Цилиндрді жазықтықпен қиғанда тіктөртбұрыш, дөңгелек, эллипс пайда болады.

  2. Тік цилиндрдің биіктігі жасаушысына тең.

  3. Шеңбердің ұзындығы C=2πR формуласымен есептеледі

  4. Жауаптары:

  1. - ; 2. +; 3. +; 4. -; 5. -; 6. +; 7. -; 8. -; 9. +; 10. +

Қызығушылығын ояту жаңа тақырыпты анықтау : Қазір балалар бізге Гүлмира сөзжұмбақ құрастырып әкелді. Екі топ болып сөзжұмбақты шешейік - сөзжұмбақ шешу: (2минут)



1








































 д

ө 

ң 

г 

е 

л 

е 

к 





































2

 о

қ 

т

а 

у 













3

 ц

и 

л

и 

н 

д 

р 



















4

 р

а 

д 

и 

у 

с 



















5

 э

л 

л 

и 

п 

с 







































































































  1. Цилиндрдің табандырында жататын фигура қалай аталады? дөңгелек

  2. Цилиндр сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?оқтау

  3. Тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигура... цилиндр

  4. Шеңбердің центрін шеңбер нүктесімен қосатын кесінді. радиус

  5. Цилиндрді жазықтықпен қиғанда қандай фигура пайда болады?эллипс

Жаңа сабақты түсіндіру: сөзжұмбағымыздың тірек сөзі конус болып шықты. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары. Сызығышты бір катетінен айналдырып көрсету. Элементтерін айту.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет