Сабақтың тақырыбы: Тіл және мәдениет Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119249
түріСабақ
Байланысты:
07.10.2021


Сабақ : қазақ тілі

Мектеп:№1 мектеп-гимназиясы

Күні: 7 қазан

Мұғалім:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы:

Тіл және мәдениет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.2.3.1 Мақала, презентация құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

Сабақ мақсаты:

Барлығы:
Тіл туралы бұрынғы білетіндерін еске түсіре отырып, ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамытады.
Көбі: осы тақырып бойынша сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білуге машықтанады.
Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің құрылымын.
Кейбірі: Мәтіннің мәнін түсінеді, ажыратады, сұрақтарға жауап береді

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды игерту:

Мәдениет- адам қолымен жасалатын материалдық құндылық.Тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.Тіл мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдеиет –оның ішкі мазмұны.
Мәдениет-материалдық феномен емес, ол заттардан тұрмайды.
Ұлттық мәдениеттің тірегі – тілде.Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен, тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл ұлттық болмысымен қалыптасқан, төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі деуге болады.
Осылай болғанда да, кез келген халықтың мәдениетінде тілдің мәні өте зор. Тіл – мәдениетті жеткізуші, себебі, ол ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы беріледі. Балалардың өзінің ұлттық мәдениетін қабылдауы ана тілін үйрену арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих пен әдебиет

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:
Интонация компоненттерінің қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.
Пән лексикасы және терминология:
Мәдениет пен тіл тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Мәселенің бір (екінші) жағын қарастыратын болсақ; Жоғарыда айтылған ойымызды қорытындылайтын болсақ; Менің пікірімше,

Осыған дейін меңгерілген білім

Ұлттық құндылықтар – ел болмысы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы
5 мин



Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Амандасу.
Күннен , жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Бүгінгі күннің сәтінде
Сәтті болсын күніміз -деп оқушылармен сабаққа бейімдету психологиялық ахуал жасалды.
Ыстық орындық әдісі арқылы үй жұмысын тексеру
1.Ұлттық құндылық дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Ұлттық құндылықтарға нелер жатады деп ойлайсыңдар?
3.Ұлттық құндылығымызды сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
3 түсті стикерлерді сыныпқа таратамын, сол түскен стикері бойынша сабақ соңында сабақты өздері қалай түсінгендерін білдіреді.
Сабақтың критериалды бағалау түрлері тақтада ілініп тұрды.
Суреттерді тақтаға шашыраңқы түрде іліп қоямын. Көру арқылы оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.



Слайд 1-5

Сабақ ортасы
30 мин
5 мин






Оқулық тақырыбына
«Авторлық орындық» әдісі пайдалану
1 топ. Тіл – біздің тірегіміз
2 топ. Қазақ тілі — ұлттық мәдениетіміздің тірегі
3 топ. Мәдениет-материалдық құндылық
Әр түрлі смайликтер арқылы бағалау, топ ішінде бірін-бірі шапалақ арқылы бағалау.
Дескриптор
- суреттерге таңдау жасайды;
- сурет бойынша ауызша мәтін құрайды;
- мәтінде қазақша амандасу түрлерін қолданады;
- сөздер мен сөз тіркестерін суретке қатыстырып киім үлгілерін дұрыс пайдалану формаларын қолданды.
Кері байланыс
- нені білді, нені үйренді;
- не әлі де түсініксіз;
- қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет

Слайд 6-7
Дидактикалық материалдағы жетістік критерийлері

Сабақ соңы
5 мин



Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?

Слайд 8

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:
1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік пайдалану арқылы қолдау көрсетіледі.
2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.



Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?


Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға
Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2..
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет