Өзіңді тексер Тіл және сөйлеу тіл қарым-қатынас сөйлеу құрал Тіл және сөйлеу маңызы тілдік амалдар дауысталу
АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ
АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ
Мақала – қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицситикалық жанрдағы шығарма.
Түрлері 1. Бас мақала
2. Проблемалық мақала
3. Насихаттық мақала
4. Публистикалық мақала
5. Ғылыми мақала
6. Ғұмырнамалық мақала
7. Ескертпе мақала
8. Айтыс мақала
Публицистикалық мақала – қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғаларды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, жанрлық ерекшелігін ажыратыңдар.
Дескриптор:
мәтінде қандай қоғамдық-әлеуметтік мәселе көтерілгенін анықтайды.
Неге көптеген халықтар өз тілін «ата тілі» демей, «ана тілі», «туған тіл» деп атайды? Осында бір ортақ заңдылық бар сияқты. Мүмкін, сәбидің алғашқы тіл ұстартушы ұстазы ана болғандықтан және ол жай ұстаз емес, барша жақсылықты бөпесіне арнап, бесік жырын шерткен, ыстық ықыласымен мейлінше мол мейірім-шапағатын лебізімен танытқан ана-ұстаздың асыл қасиетіне байланысты осылай аталған шығар.
Жас нәресте үшін ана тілі – о баста ана аузынан шыққан алғашқы асыл сөз. Оның ана тілін толық меңгеруі алдымен отбасы жағдайынан басталса, бара-бара туған-туысқан, көрші-қолаң, жолдас-жоралармен араласу арқылы, ауыл-аймақ, ел-жұрт ортасында өмір сүруге байланысты дамып, жетіліп отырады. Сөйтіп, адам өз тілін өмір бойы сүрген ортадан үйренумен болады.
Қай тіл болмасын, оның тарихы, жүріп өткен жолы, даму сатылары болады. Бірақ бірде-бір тілдің жасын тап басып, ашып айту қиын. Өйткені бұл – мыңдаған-миллиондаған жылдардың қойнау қырқаларында жатқан сыры мол ғаламат дүние.