Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту «Табиғат таң қаламын тамашаңа»


сын есім, 3 етістік, 4 сезңмдң білдіретін сөз тіркесі,5 синоним



бет5/5
Дата21.07.2020
өлшемі40,5 Kb.
#63627
түріСабақ
1   2   3   4   5
2 сын есім, 3 етістік, 4 сезңмдң білдіретін сөз тіркесі,5 синоним

«Адамдардың араласуы мұң екен, жер шары тез қартая бастады»деген Циолковскийдің сөзімен қорытындылай отырып,

табиғаттың сырын түсіне отырып, ақ қайыңды жылатып, ақ бөкеннің тыныштығын бұзбайық дегім келеді.

«Шаттық шеңбері» (Төменде айтылғанға келіссеңіз, қимылдарды жасаңыз)

- Егер сіз табиғатқа адамзат өз тарапынан қамқор болу парыз деп білсеңіз , оң қолыңызбен бұлғаңыз;

- Егер сіз ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,

секілді көзіміздің қарашығы деп бағаласаңыз, бір қадам алға басыңыз;

- Егер табиғатты қорғау жөнінде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу міндетім деп білсеңіз, орныңызда секіріңіз;

- Егер сіз Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі деп ойласаңыз, бір қадам артқа басыңыз;

- Егер біздің еліміздің экологиясы сізді алаңдатса, алақаныңызбен шапалақ соғыңыз;

- ЕгерЖер - Ананы жасыл етіп сақтаймыз деп санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;

- Егер Жер - Ананың байлығын орнымен пайдалануымыз керек десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;

- Егер нулы жердің нуын, сулы жердің суын, аққулы көлдің сәні сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, қолдарыңызды ұстаңыз.

«Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту.

Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін білсең ғой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп.

Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!

Үйге тапсырма: Мына сөз тіркестерін қатыстыра отырып, мәтін құрау.

Керекті сөздер: Жұлдызды түн. Айсыз ашық аспан. Кәусар ауа. Әсем әуен. Таулы жер. Мүлгіген дала. Тылсым табиғат. Терең ой. Келбетті жігіт. Көркем қыз. Нәзік сезім. Шалқар көл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет