Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту «Табиғат таң қаламын тамашаңа»



бет2/5
Дата21.07.2020
өлшемі40,5 Kb.
#63627
түріСабақ
1   2   3   4   5
І.Қызығушылықты ояту.

Бейнеленген суретке назар аударамыз. Бала, рогатка, қайың, бәкі.Берілген зат есімдерге сүйене отырып болжау жасап көріңдер.

  • Бейнеленген суреттегі сөздерді естігенде не ойладыңдар, қандай оқиға болуы мүмкін?

Топпен ақылдасып, суреттегі сөздерге сүйене отырып,мәтін құрастыру.

Болжау кестесіне назар аударамыз.

Сіз не болады деп шын мәнінде не ойлайсыз? Сізге қандай дәлел бар? Не болды?

Өздерінің мәтінін оқыту.

Мәтін оқылады.

Қожа рогаткаға лайық аша іздеп жүріп, оны үй тұсындағы ақ қайыңның төменгі бұтағынан тапты.Қалтасынан бәкісін шығарып, ашаны кесіп

алды.Қайыңның түбінде отырып, оның қабығын тазалады.

  • Оқиға сіз ойлағандай болды ма?

  • Ендігі кезекте мәтін бөлімінде не болады деп ойлайсыз?

  • Суретке назар аударту

  • Тамшы, ашық аспан

Болжау кестені толтыру.

Мәтін оқылады.

Сол кезде қолына тамшы тамды. Қожа әуеге қарады. Аспан шайдай ашық. Ісін қайта жалғады. Көп ұзамай тағы да тамшы тамды. Қожа орнынан тұрып, қайыңның басына қарады.


  • Оқиға сіз ойлағандай болды ма?

  • Ендігі кезекте мәтін бөлімінде не болады деп ойлайсыз?

  • Суретке назар аударту

Қараса әлгі бұтағы қиылған жерден мөлтілдеп көз жасындай су шығып

тұр екен. Қожаның жүрегі сыздап кетті.

  • Әңгіменің негізгі ойы мен тақырыбын анықтап, мәтінге ат қою.

  • Қожаның қылығы сендерге ұнады ма?

  • Қайыңның бұтағынан көз жасындай мөлтілдеп су шығып тұр дегенді

қалай түсінесің?

  • Қайыңның жаны бар ма? Ол неге жылады?Қайыңның тілі болса саған не деп мұңын шағар еді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет