Сабақтың тақырыбы:Тұқым және жеміс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрақ және шырынды жемістермен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, қызығушылығын, ой - өрісін, есте сақтауын, ақыл – ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға, экологияны жақсартуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері:Ой қозғау, «Жигсо 1»,кубизм, «Ішіне – сыртына», « 5 жолды өлең», «Автор орындығы»,түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, интербелсенді тақта, слайд,себет.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу.
Табиғат біздің анамыз,
Біз зейінді зерекпіз.
Иіліп сәлем береміз.
Алдыменен экспертті тағайындап алайық. Бағалау парағы таратылады.
ІІ Үй жұмысын қайталау:
Әр топқа сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты қайталау.
1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады?
Өсімдік тамырдан,сабақтан,жапырақтан,гүлден,жемістен тұрады. Кейін жемістен тұқым аламыз. Тамыр – өсімдікті топыраққа бекітеді. Өсімдікті топырақтан қоректендіреді. Сабақ – тыныс алуға және қоректі жоғары көтеріп бүкіл өсімдіктің бойына таратады. Жапырақ арқылы тыныс алады және артық суды буландырады.
2. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?
Жапырақ көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін бөліп шығарады.
Жапырақ 3 жұмыс атқарады:
1.Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады
2.Өсімдік бойындағы артық суды бу арқылы шығарады
3.Буланған жапырақ өсімдікті салқындатады.
3.Жапырақтар неге сарғаяды?
Күзде ауа – райы салқындағанда топырақ тоңазиды. Тамыр суды сіңіруін нашарлатады. Өсімдіктің қоректенуі баяулайды. Күн сәулесінің әсерінен хлорофилл арқылы жапырақтың түсі жасыл болады. Күннің көзінің жылуы азайғаннан жапырақтар сарғая бастайды.
4.Қураған өсімдік қалдықтарының қандай пайдасы бар?
Күзде өсімдіктің барлығысы сарғаяды,олар топыраққа араласып, қарашірікке айналады. Ол кейін өсімдіктің қорегі болады.Шіріндісі көп топырақта өсімдік жақсы өседі.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Әр топтың атауы бар
І топ – Алма
ІІ топ – Қызанақ
ІІІ топ - Қарбыз
ІҮ топ - Бидай
1. Кубизм стратегиясы Мына куб арқылы әр топ өзінің атауын қорғап шығады. Әксперт спикерді шығарады. Спикер сөйлейді
2.Ой қозғау:
Топтың атаулары нені білдіреді?
Кез келген өсімдіктің жемісін білдіреді.
Жемістерді қайдан аламыз?
Жемістерді тұқым арқылы аламыз.
Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс»
- Яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
4.Топпен жұмыс:
Қазір барлығымыз нөмірленеміз
№1,2,3,4 бөліну
-Жұмыс тобына барамыз
Мәтінді әр топ мүшелеріне бөліктерге бөліп беру.
Әр топ мүшесі оқиды, топта талқылайды,
-Үй тобына ораламыз
Әрбіреуі үйде талқылайды
Әр топтан бір спикерді эксперт шығарады
Менің сөзім:
Жеміс – өсімдіктердің бізге тартатын сыйы. Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп,баптаса мол өнім береді.
Ал енді спикерлеріміз шығады.
Спикерлер шығып қорғайды
ІҮ.Сергіту сәті
6.Оқулықпен жұмыс:
Оқып шығады( тізбектеп оқу)
7.Дәптермен жұмыс
9. Ішіне- сыртына:
Себет таратылады жемістер ішіне ал жеміс еместер сыртына салынады
1топ:( Алма,жапырақ, қауын, қарбыз,тамыр, қияр,)
2 топ:(Өрік,картоп,сабақ,алмұрт,дің, қияр)
3 топ:(қарбыз,ағаш,таңқурай, тамыр,банан)
4 топ:( жүгері, жүзім, қауын, су, күн)
Эксперттер оқып береді.
V. Сабақты бекіту:
Әр топ өз топ атауына 5 жол өлең құрастыру.
3. Зат есім.
4. Екі сын есім
5. Үш етістік
6. Сөйлем.
7. Бір ой
«Автор орындығына» отырып 5 жол өлеңді Эксперттер оқып береді.
Қорытынды: Өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы қайталап кетейік слайд
«Табиғатты аялайық» тақырыбына жарнама жасаймыз
Табиғатты қорғауға, экологияны жақсартуға біз де өзіміздің үлесімізді қосайық. Қиылған суреттер таратамын. Суреттерден жарнама жасайық. 1.Табиғатты қорғайық!
2.Табиғатты сақтайық!
3.Табиғатты көркейтейік!
4.Табиғатты аялайық!
ҮІ.Бағалау: Топтың эксперттері топ мүшелерін ауызша бағалайды. 1мин
ҮІІ.Үйге тапсырма: Өзіңе ұнаған жемісті сипаттап, зерттеп келу.
63,64 бетті оқу, әңгімелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |