Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



бет14/22
Дата31.01.2018
өлшемі3,95 Mb.
#36552
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Жаттығумен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі : суреттер т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Көп нүктенің орнына жіңішке дауыстылардың тиістісін қойыңдар.

Б... р жарлы шал есг ... не м .. н .. п келе жатыр ед ... Олар шалды ... жуалап, мазақ етк ... пе ...р ... кел ... п :

- Ата, неге есег ..ң..зд ... өлең айтуға үйретт ... ң ... з? депті. –Есег..м ...лең айтпайды.Сендердей жақсы жолдасын к...рген соң қуанғаннан бақырады,-депт...


Топпен жұмыс : Мына сөздермен сөз тіркестерін құрыңдар.

бала


бала

әдепті әдепсіз


ниет

ізетті ізгілік


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Егер де мен ...» тақырыбына мәтін жазып келу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Етістіктің райы неше түрге бөлінеді?

А) 2 В) 4 С) 3

2. Үш жақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

3. Көбіне ІІ жаққа қаратылып, қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі.

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

4. Іс-әрекеттің іске асу,аспау мүмкіндігінің шартын білдіріп,-са,-се жұрнағы арқылы жасалатын рай түрі.

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

5. Оқуға түскім келеді рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

6. Есімшенің жұрнағы

А)-ғалы,-гелі,-қалы,-келі В) –а,-е,-й С) –атын,-етін

7. Есімшенің тәуелденуі

А) берермін В) берерім С) берерден

8. Адасқанның айыбы жоқ. Есімшенің сөйлемдегі қызметі.

А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш

9. Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш

10.Есімшенің көпше түрде жіктелуі

А) Келгенмін В) келгенбіз С) келгенде

11. Есімшенің септелуі

А) көрмесім В) көрмеспіз С) көрместен

12. Менің ұстаз болғым келеді. Рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

13. Атаның баласы болма, Адамның баласы бол. Рай түрі

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,СТО стратегиялары,

Сабақтың көрнекілігі: кубик,қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.



Сөз тіркесінің айрықша белгілері


Сөйлем ішінде танылады,өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады

Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады

Сөз тіркесін құрайтын сөздер бір-бірімен белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады

Сөз тіркесі белгілі синтаксистік қатынасты білдіреді


Жаттығумен жұмыс : 224-жаттығу. Сөздердің байланысын тауып,басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойыңдар.

Бағыныңқы сөз Басыңқы сөз

1. Асқардың кімнің? тірі қалғанын

2. Тірі қалғанына неге? куанған

3. Қуанған қай? Ботагөз

4.Баланың кімнің? атын

5. Атын нені? Амантай қойды



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?


Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 226 жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз тіркесі кемдегенде екі сөзден құралатын болса, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер де екі сөзден құралады.

Күрделі сөздер де, тұрақты тіркестер де, біріншіден орындары тұрақты болады, екіншіден , бір ғана ұғымды білдіріп,бір сөздің орнына қолданылады,сондықтан бірінен екіншісіне сұрақ қоюға болмайды.

Күрделі сөздерге күрделі зат есіс, күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі етістік, сондай-ақ негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі жатады. Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер сөз тіркесінің құрамына еніп,басыңқы да, бағыныңқы да сыңары бола алады. Ондай сөз тіркестері күрделі сөз тіркестері деп аталады.



Жаттығумен жұмыс : 247-жаттығу. Орфографиялық я түсіндірме сөздікті пайдалана отырып күрделі сөзге 5 мысал,сөз тіркесіне 5 мысал, тұрақты тіркеске 5 мысал келтіріп, өзіндік ерекшеліктерін талдап көрсетіңдер.

Топпен жұмыс: 248-жаттығу І топ сөз тіркестерін теріп жазады.

ІІ топ күрделі сөздерді теріп жазады.

ІІІ топ тұрақты тіркестерді теріп жазады.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?


Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 249- жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаз, сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?


б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз тіркесінің түрлері басыңқы сөздің қай сөз табы болуына байланысты анықталады. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім, сан есім, сын есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады. Басыңқы сыңары етістік болса,етістікті сөз тіркесі деп аталады. Мысалы: Мынау хатты жаңа Абай ағам Әбішке жазып еді. Бұл сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар: мынау хатты,хатты жазы,жаңа жазды,Әбішке жазды. Мынау хатты деген есімді тіркес,өйткені оның басыңқы сыңары хатты –зат есім, қалғандары-етістікті сөз тіркестері,өйткені олардың басыңқы сыңарлары етістік.


Жаттығумен жұмыс : 253-жаттығу. Сөз тіркесін тауып,байланысу тәсілі мен түрлеріне қарай ажыратып талдаңдар.
Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 254- жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қабысу

Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу құрылысын ажыратуға үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.



  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан сөз тіркестерін қабыса байланысқан сөз тіркестері немесе қабысу дейміз. Қабысу басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болатынына қарай,мысалы, сын есім мен зат есімнің (жақсы бала),сан есім мен зат есімнің (он оқушы) ,зат есім мен зат есімнің (алтын сағат), есімдік пен зат есімнің (бұл кітап), есімше мен зат есімнің (оқыған кітап), тіркестері есімді қабысу да, үстеу мен етістіктің (жоғары шықты) ,еліктеуіш сөз бен етістіктің (бырт-бырт үзді) , көсемше мен етістіктің ( дауыстап сөйледі) сын есім мен етістіктің (жақсы оқиды), сан есім мен етістіктің (екі келді) етістікті қабысу болады.



Жаттығумен жұмыс: 267-жаттығу. Қабыса байланысқан сөз тіркескен тауып, талдаңдар.

Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 268-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Меңгеру

Сабақтың мақсаты: 1) меңгеру туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.


б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Барыс,табыс, жатыс,шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулары арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркесі немесе меңгеру дейміз. Меңгеру басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болғанына қарай есімді меңгеру, етістікті меңгеру болып келеді. Мысалы: балға бай, қаладан қашық дегендер есімді меңгеру, басыңқы сыңарлары бай,қашық –есім сөздер; оқиғаларды баян етті,жұмыскерлерді зар еңретті дегендер етістікті меңгеру.


Жаттығумен жұмыс: 262-жаттығу. Мәтіндердегі сөйлемдерден сөз тіркестерін табыңдар. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.
Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 263-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жанасу
Сабақтың мақсаты: 1) Жанасу туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.


б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркестерін жанаса байланысқан сөз тіркестері немесе жанасу дейміз. Жанасу көбіне етістікті сөз тіркесі болып келеді, үстеу мен етістіктен,көсемше мен етістіктен құралады. Мысалы: бүгін келді, кештете (біздің үйге) келді.


Жаттығумен жұмыс: 272-жаттығу. Мәтіндердегі сөйлемдерден қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерін бөлек-бөлек көшіріп жазыңдар,оларды құрамына, байланысу тәсіліне қарай талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы:
Матасу меңгеру


Қабысу жанасу
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  6. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 274-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар

Анықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты :

а) Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіріп,соған сәйкес белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады. Сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы грамматикалық мағына жағынан үш түрлі синтаксистік қатынастың шеңберінде көрінеді.




Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар


толықтауыштық

пысықтауыштық

Анықтауыштық қатынас

Матаса,қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімнің? ненің? Қандай? Нешінші? сияқты сұрақтары қойылады: баланың кітабы, бойшаң жігіт


Жаттығумен жұмыс: 279 -жаттығу. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Анықтауыштық қатынасқа бірнеше сөйлемдер жазып келеді.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Толықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты :

а) Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет