Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданы Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі Ибашева Райханның ῎Кэмбридж῎бағдарламасы бойынша жазылған сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы:Төрт түлік туралы жыр.Қой
Сабақтың мақсаты: Төрт түлі түрлеріне тоқталып,соның ішінде қой малының маңызы жөнінде түсінік беру.
Міндеті:
Б.Төрт түлік түрлеріне анықтама беріп,қойдың сүтінен,жүнінен жасалатын заттар болатындығы,олардың пайдасы туралы мағлұмат беру.
Д.Төрт түлік малының адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып,қой малының ерекшелігіне оқушылардың көңілін аударту және сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу.
Т.Ата кәсіп туралы,олардың өмір салты туралы ұғым бере отырып қазақ халқының жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына мән беру.
Оқытудың нәтижелері:
Берілген жырдың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып ,тереңірек ойлауға дағдыландыру.
АКТ-ны пайдалану арқылы жаңа түсініктер қалыптасады.
Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша тапсырманы орындай отырып,сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады.
Оқушы өз ойын еркін айта отырып,өз идеяларын талдай алады.
Кейбір оқушылар топтық жұмыс көмегімен берілген тапсырманы орындай алады.
Қамтитын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл(топтық жұмыс),2-модуль СТО.Әдіс:«ББҮ» сызба әдісі,диалогтық оқыту,3-модуль бағалау,4-модуль АКТ пайдалану
Қадамдар:
Үй тапсырмасын тексеру
Видеопроектрмен жұмыс
Топпен жұмыс
Рефлексия
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Ұйымдастыру
Оқушының зейінін сабаққа аудару
Топқа бөлу
Мәтінді тарату.
Тапсырма тарату
Оқушының іс-әрекеті
I .Үй тапсырмасын тексеру
тапсырма Диалогтық оқыту
1-топ
1 Шибұтқа сипаттама бер
2Шибұттың бұты неге сынып кетті?
2-топ
1 Қылмойынның мойны неге қылдай?
2 Қылмойынның іс-әрекеті
3-топ
1 Қарынбасқа сипаттама бер.
2 Қарынбастың қарны неге жарылды?
4-топ
3 топты бағалайды.
Жаңа сабақтың мағынасын ашу.
2-тапсырма . ЭКСПО-2017 көрмесінің Бейне ролик көрсету.Топ постерде қорғайды.
3-тапсырма .Топтық жұмыс.
Жырды тарату.
4-тапсырма.
1-топ
Жырды пайдаланып қойды суретте .
2-топ
Мақал- мәтелді пайдаланып қойды суреттеу.
3-топ
3 топты бағалау
4-топ
Жұмбақты пайдаланып қойды сипаттау
5-тапсырма
Қойдың пайдасын сызбаға жазу.
1-топ
Қойдың жүнінен жасалатын заттар
2-топ
Қойдың терісінен жасалатын заттар
3-топ
Қойдың сүтінен жасалатын тағамдар
4-топ
Қойдың етінен жасалатын тағамдар
6-тапсырма «БҮҮ»сызба әдісі арқылы берілген сызбаны толтыру.
Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма :Қойдың суретін салу,торы құлын оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |