№ 22 жалпы орта білім беру мектебі
Бекітемін:
Әдіскер: Байдаулетова Г.Т
Пән: өзін-өзі тану
Сынып: 4 «Б»
Өткізілген күні:
Сабақтың тақырыбы:
Төзім мен табандылық
Өткізген: БББ – 23 тобының студенті
Молдабаева Асем
Павлодар қаласы, 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы:Төзім мен табандылық
Табандылық кез келген кедергіні жеңеді.
Леонардо да Винчи
Сабақтың мақсаты:
а. Оқушылардың «төзімділік», «табандылық» құндылығы және адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту. ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
б. Қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары
*Шаттық шеңбері
Бәрі қосылып өлең жолдарын айтады.
Жақсы бала еңбекшіл, Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған.
Қиындықты жеңіп кіл, Ұқыпты деп бұл қандай,
Құшағы гүлге толады. Жақсы көрер бар адам.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай.
*Әңгімелесу.
Табанды Дәл осы тұлғалы сөз түсіндірме сөздікте — алған бетінен қайтпайтын тұрақты, сөзіне, уәдесіне берік мағынасында көрінеді. Парсыларда таб — төзімді, шыдамды, берік деген ұғымға ие болса, тәбан — қуат, күш дегенге нұсқайды.
*Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады. Балалар парта бойынша оқып шығады
*Дәптермен жұмыс.
Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін
шығармашылық жұмыс ұсынылады.
*Сергіту сәті.
Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.
Ұшты-ұшты құлын ұшты.
Ұшты-ұшты мұрын ұшты.
Ұшты-ұшты кептер ұшты.
Ұшты-ұшты дәптер ұшты.
Ұшты-ұшты қарға ұшты.
Ұшты-ұшты арба ұшты
*Дәптермен жұмыс.
Мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру
*Қорытындылау.
*Жүректен жүрекке.
Жалқаулыққа көнбеймін,
Жігерленем,
Бекимін.
Кейде оқығым келмейді,
Келмесе де оқимын.
Көп ойнағым келеді,
Аз ойнаймын бірақ та!
Өзін – өзі жеңбеген,
Жетпейді ешбір жеңіске!
Достарыңызбен бөлісу: |