Сабақтың тақырыбы Түс қанықтығы Туған өлке табиғатын бейнелейміз


Оқулықпен жұмыс.Мына түстерге қарап, қанық түстерді тап



бет2/3
Дата27.09.2022
өлшемі165,83 Kb.
#150859
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
көркем еңбек

Оқулықпен жұмыс.Мына түстерге қарап, қанық түстерді тап.

1. Мына пейзаждарға қара. Оларды сызықтық және кеңістік перспективасы бойынша сипатта.


2. Алдыңғы және артқы қатардағы заттарды түс қанықтығына қарай суретте.
3. Алдыңғы және артқы қатардағы заттардың өлшемін анықта.



Кеңістік перспективасын тұманды күні жақсы бақылауға болады. Егер жақындағы денелердің түстері мен пішіндері анық көрінсе, олар алыстаған сайын түстерінің қанықтығын жоғалтып, тым алыстағылары тұманға мүлде «батып» кетеді.

Кеңістік перспективасы – заттар алыстаған сайын пішіндерінің анықтығын жоғалтып, түстері суық тарта бастайтын құбылыс.


Графикалық суреттерде алдыңғы қатардағы заттардың


түсі қара , ал алыстаған сайын ашық сұр түске өзгере бастайды. Ақ-қара түсті суретке қарасаң, оны анық байқайсың

Оқулықпен жұмыс.
Мына суретке қарап, көрерменге ағаштардың қайсысы жақын, қайсысы алыс орналасқанын анықта. Егер ағаштардың түс қанықтығы бірдей болса, бұл сұраққа жауап бере алар ма едің?



Шығармашылық жұмыс
Туған өлкеңнің табиғатын бейнеле
ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ:
Туған өлкеңнің қай тұсын бейнелейтініңді шешіп ал. Оның композициясы туралы ойлан. Қағаз парағының өлшемі мен пішімін таңда
Сергіту сәті
«Бас», «Иық», «мұрын» ойыны
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе басын, біресе иығын, біресе мұрнын көрсетеді және «бас» , «иық», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.


«Галерея» әдісі
1. Сен туған өлкеңді қандай түстермен бейнеледің?
2. Суреттің қай бөлігін салғанда перспективаны пайдаланды?
3. Туған өлкеңнің қандай екенін сипатта.
4.Бұл суретте қай жерді бейнеледің,неліктен?

Оқушылар бейнематериалмен,жаңа сабақпен танысады.


Берілген сұрақтарға жауап береді


Оқулықтан мәтін оқиды.

Мәліметпен танысады.сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы дұрыс ережеге сай орындайды.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бағалау







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет