Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мағлұматтар Сабақтың тақырыбы



Дата21.07.2017
өлшемі45,17 Kb.
#21820
түріСабақ
Қаратал ауданы

«Абай атындағы орта мектебі»

Балқаш бастауыш мектебімен» КММ информатика пәнінің мұғалімі

Утежанова Г.К.

Сабақтың тақырыбы:

Тұсаукесер туралы жалпы мағлұматтар

Сабақтың тақырыбы:

Тұсаукесер туралы жалпы мағлұматтар

Сабақтың мақсаты:




  • Оқушылар тұсаукесер туралы жалпы мәліметтерді білуі тиіс

  • PowerPoint интерфейсі және терезе элементтерімен танысу.

Тұсаукесерге сладйттар қосу және олармен жұмыс істеу.

  • Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Нәтиже:

  • Бағдарламаны іске қосуды біледі

  • Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеуді біледі;

  • Жаңа тұсаукесер және шаблон бойынша тұсаукесерлер құрып, слайдттарды қарау және жоюды біледі

  • Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады;

Түйінді идеялар:

PowerPoint интерфейсі және онымен жұмыс істеу

Тұсаукесер құру және жұмыс істеу принциптері



Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

СТО, АКТ, диалогтық оқыту

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Сабақ барысымен таныстыру.

  4. Бағалау парағын таныстыру.

  5. Топқа бөлу.

  • Оқушылар сәлемдеседі.

  • Өздерін ретке келтіру

  • Сыныпта өздеріне ұқсас оқушыларды тауып, жасалған шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айту

  • «Мозаика» арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасы «Сен маған-мен саған»

ойыны арқылы сұралады.



Оқушылар бір -біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Білмесе өздері жауап береді.

Қызығушылықты ояту (5 мин.)

6 слайдттан туратын «Менің туған ауылым» тақырыбында тұсаукесер көрсетіледі. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды,көреді.



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)


Сабақтың негізгі бөлімі (18 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты «Мозайкадағы» гүлдің суреттері арқылы 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

6-сынып оқулығында «Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет» тақырыбын оқыту.


Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар екі топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы тақырыптың бөлімдерін оқып, өздері оқығаны туралы топқа түсіндіреді.

Топтағы оқушылар постерге түсінгендері бойынша жазады, суреттерін салады.


Сергіту сәті (2 минут)

Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек



Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (5 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге «Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалім әр баланың жазған кері байланысын оқып шығып, келесі сабақты жоспарлайды.

«Бармақ әдісі» бағалау.

Бас Бармақ - бұл керемет,маған ұнады.

Балан үйрек - бұған көңіл аудару керек.

Ортан терек - бұл маған мүлдем ұнамады.

Шылдыр шүмек - бұл жерде ахуал болды.

Кішкентай бөбек - маған жетпей қалды.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет