4- слайд
Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен.
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының болғанын білеміз. Бұл оқиғада соғыстың соңғы уақыттары баяндалады.
Мәтін бойынша қысқаша бейне баян көрсетіледі.
Тірек сөздер: Берлинде, Рақымжанды, Рейхстаг, тапсырмаңызды, барлаушылар, Гриша, жауынгерлер
Ұғынуды ұйымдастыру.
Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 4минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.
1. Соғыс қай жерде жүріп жатты? Берлинде
2. Рақымжанды кім шақырып алды? Батальон командирі Давыдов
3. Батальон командирі не айтты? Рейхстагқа ту тігуді тапсырды.
4. Рейхстаг деген не? Жаудың соңғы ұясы.
5. Рақымжанға қандай жауынгерлік тапсырма берілді?
6. Командир Рақымжанды неге таңдады? Ержүректілігімен көзге түскен
7. Рақымжан қалай қоштасты? Өз әкесімен қоштасып тұрғандай тебіренді.
8. Рақымжанмен берге кімдер бармақ? Барлаушылар тобы.
9. Рақымжан бастаған топ қалай шықты? Оқ нөсері бәсеңдеген кезде.
10. Ту кімнің қолында еді? Рақымжанның
11. Туды көрген жау не істеді? Подвалға шүйлігіп оқ боратты.
12. Рақымжанның қасында кім қалды? Григорий Булатов.
13. Басқалары қайда қалды? Подвал ішінен шыға алмай қалды.
14. Олардың алдарынан не көрінді? Канал үстінен салынған көпір.
15. Темір көпірге оқ қалай тиеді? Оқ шыр – пыр етіп кейін ұшады. Тыз – тыз етіп суға түседі.
16. Рақымжан тудың бұрышына не деп жазды? 647 полк, Г Булатов, Р. Қошқарбаев.
17. Қамалып отырған екеуіне жігер берген не? Біздің жауынгерлердің зеңбірекпен оқ атуы.
18. Рейхстагты неге теңейді? Құзғын жаудың ұясы.
19. Рейхстаг баспалдағында Рақымжан Гришаға не айтты? Шық иығыма! Туды тік.
20. Гриша туды қалай қадады? Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.
21. Жау ұясының алдынан не көрінді? Жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту.
22. Рақымжан тапсырманы орындады ма?
23. Бұл оқиға қай мезгілде болды? 1945 жылы 30 сәуірде.
24. Туды тіккен кімдер?
Достарыңызбен бөлісу: |