Оқушылар “Миға шабуыл” әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Әр топқа төмендегіндей есептерді беру арқылы топтық жұмысқа баулу және сол арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру:
-бір бағамен сатылатын тауардың құны мен мөлшері;
-ені тұрақты болғанда тік төртбұрыштың ауданы мен ұзындығы
-бірдей уақыт аралығында жүрілген жолмен жылдамдық.
-бірдей уақыт аралығында орындалған жұмыс пен еңбек өнімділігін табу.
Тура пропорционалдық ережесін қолдану арқылы оның формуласын келтіріп шығару.
Оқулықпен жұмыс:
№152-154
№152: Ұшақ 30минутта 300 километр ұшып өтті. Осындай жылдамдықпен ол 1) 1сағ, 2) 2сағ, 3)3 сағатта қанша километр ұшады?
Шешуі: 1) 1сағ: 2*300=600
2) 2сағ: 600*2=1200
3)3 сағ: 600*3=1800
Графигін салады.
№154. Қабырғасының ұзындығы 2дм; 4дм; 7дм болатын шаршының ауданын табыңдар.
Шешуі: S=
a=2, S== 4
a=4, S=16
a=7,S=49
Бағалау критерийі:
А) тәуелділіктердің өзара қатынасын анықтай алады
В) формуланы пайдаланып есепті шығара алады және графигін сыза алады.
С) бір шаманы бір неше есе арттырса онда екінші шама сонша есе артатынын біледі.
Дескриптор:
|
Тура пропорционалдықтың пайда болу заңдылығын анықтай алады
|
|
Есеп шығару барысында формуланы қолдана алады
|
|
Қиындығы жоғары есептерді шығара алады.
|
Қалыптастырушы бағалау: смайликтермен бағалаймын
|