ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ № 73
Пәннің атауы: Математика Сабақтың тақырыбы: Түзу мен жазықтықт арасындығы бұрыш
Топтар
Асл9-191
Эгд9-191
Сабақ өтетін күн
САБАҚ БАРЫСЫ І Ұйымдастыру бөлімі: А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Параллель екі түзудің арақашықтығын қалай табамыз?
Нүкте мен жазықтықтың арақашықтығы
Параллеь екі жазықтықтың арақашықтығы қалай анықталады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет) Оқушыларға сұрақ беру.
Сабақтың тақырыбына сұрақ қойыңыз.
Бүгінгі сабақта қандай сұрақтардың жауабын аламыз деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың сұрақтарын тыңдап болған соң слайдтағы сұрақтарды көрсету.
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш дегеніміз не?
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты қалай саламыз?
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш қандай есептерде кездесуі мүмкін?
Бұл бұрышты қалай белгілейміз?
Бүгінгі сабақ барысында осы сұрақтардың жауабын табуымыз керек.
Жаңа тақырыпты меңгеру. Оқушыларға түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш анықтамасын тұжырымдауды және ізделінді бұрышты постерлерге бейнелеуді ұсыныңыз. Барлық топтар өз постерлерін тақтаға шығып таныстырады, содан кейін https://www.youtube.com/watch?v=P87o8g2JayQ
видеосын көреді. Видео аяқталған соң оқушыларға қорытынды жасатыңыз, перпендикуляр және параллель болу жағдайларына, түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты табу алгоритміне тоқталыңыз:
Түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін табыңыз.
Түзудің жазықтықта жатпаған нүктесін табыңыз.
Осы нүктенің жазықтықтағы проекциясын табыңыз.
Осы нүктелерді қосыңыз. Шыққан түзу – түзудің жазықтықтағы проекциясы.
Шыққан бұрышты белгілеңіз.
Оқушылар қажет анықтама мен сызбаны дәптерлеріне жазып алады.
IV. Бағалау А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш дегеніміз не?
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты қалай саламыз?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру Үй тапсырмасы 2 есеп Н3 53-54 бет 10 сынып