Талқылауға ұсынылатын үзінді: «Шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза». Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек! Автор көтерген ұлттық құндылықтардың ішіндегі маңыздысы ретінде аталатын адамның өзінің табиғи жаратылысына тән өз ділін аңсаудың шешуші сәтте жеңіске жетуі мәселесі еріксіз ойлантады емес пе!?»
Автор көтерген ұлттық құндылықтардың (салт-сана, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діл мен дін) қазіргі кезеңде жаңа сипат алып, салтанат құрғанын дәлелдейтін және құндылықтарды насихаттайтын белгілі бір орталықтың (ұлттық киім шығаратын фабрика, түрлі отандық брендтер, ұлттық өнер түрлеріне баулитын үйірмелер, т.б.) ашылуын жұртқа жариялап жеткізетін креативті жарнама әзірлеңіз.
6-топ
Ескерту: Мұғалім қалауы бойынша төменде берілген 2 түрлі тапсырманың бірін таңдап ұсына алады.
Талда.
Берілген үзіндіні негізге ала отырып, автор сипаттаған келеңсіздіктерді отарлау кезіндегі тарихи оқиғалармен байланыстырып, талдау жасап, себеп-салдарын сипаттайтын «Тарих беттерінен» деген зерттеу жұмысының нәтижесі түрінде 5 слайдтан тұратын таныстырылым әзірлеңіздер.
Талдауға негіздеме ретінде ұсынылатын үзінді: Тағанның «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар оқулыққа сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болды. Міне сондықтан да халық адасты... адам жадынан, есіне айрылды», – деп келетін батыл лекциялары тыңдаушыларға мемлекеттік жүйенің тоқырағандығын, басқару тетіктерінің тозғандығын айқара ақтарып беретіні белгілі. Жалпы, кеңестік жүйенің «химиялық қаруына» айналған алькаголді ішімдік жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас бір ұлттардың азып-тозуына дейін жеткізгені сібір халықтарының тағдырынан әбден мәлім жайт. Мұндай қыл көпірден қазақтардың аман өтуі дәстүрлі тағамының құрамында ежелден айран, боза, қымыз сынды ашыған сусындардың болуы, яғни ағзаның дайындығынан ғана құдай сақтаса керек.
Романдағы нақыл сөздер мен кейбір маңызды идея туғызатын ойларды теріп алып, талдап, идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнын баға беріп сызба, кесте түрінде ұсыныңыздар.
Дескриптор:
ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
ойын ұсынылған жоба түрінде жеткізеді.
Кері байланыс
Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
Тапсырманы толық орындай алдыңыз ба?
Сізге топтың көмегі қажет болды ма?
Бағалау парағы
Достарыңызбен бөлісу: |