Сабақтың тақырыбы: В. И. Вернадскийдің биосфера-носсфера концепциясы Мақсаты


Биосфера және ноосфера концепциялары



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,97 Kb.
#92555
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Вернадскийдің биосфера-ноосфера концепциясы

Биосфера және ноосфера концепциялары


Биосфера және ноосфера ұғымдары.«Биосфера» деген терминді тұңғыш рет 1875 жылы австриялық геолог Э.Зюсс пайдаланған болатын. Биосфера деп барлық тірі организмдердің тіршілік ортасымен бірге алғандағы жиынтығын түсінеді. Олай болса, биосфераны түсіну үшін қоршаған сыртқы орта деген не, оның құрамдас бөліктері қандай деген сұрақтардың басын ашып алу керек сияқты.
Табиғи тіршілік ортасына табиғаттың тірі және өлі бөліктері - биосфера және геосфера жатады. Ол адамның қатысуынсыз өз бетінше өмір сүріп дамиды. Алайда, эволюцияның барысында адам табиғи тіршілік жағдайларын біртіндеп игере береді: алғашында табиғи байлықтарды (өсімдіктер мен хайуанаттар т.б.) жай пайдаланумен ғана шектелсе, кейіннен біртіндеп тіршілік құрал-жабдықтарын (қазба байлықтары, энергия көздерін т.б.) пайдаланып, оларды практикалық іс-әрекеттің барысында өзгерте бастады. Бұл әрекеттің нәтижесінде адам басқа жан-жануарлардан айрықша қасиетке - еңбек құралдарын өндіру, материалдық және рухани мәдениеттерді жасау, сөйтіп сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту қабілеттеріне ие болды.
Алайда, адам эволюция барысында табиғаттан керекті өнімдерді сол күйінде немесе өзгертілген түрде алумен шектеліп қана қойған жоқ. Ол сондай-ақ табиғатта бұған дейін болмаған заттар мен нәрселерді жасауды үйренді, сөйтіп жасанды тіршілік ортасын жасады: өсімдіктер мен хайуанаттарды үй жағдайына үйретті, жер қыртысын өзгертті,жасанды су каналдары мен қоймаларын қазды, зәулім биік үйлер салды т.б. жасады. Бүгінгі таңда ірі қалаларсыз, авто және әуе жолынсыз, завод-фабрикаларсыз, электрсіз, телефонсыз т.б. сансыз көп мәдениет жетістіктерінсіз қоғам өмірін көз алдына келтіру мүмкін емес. Мұның бәрі ақыл-ойының күшімен жасалды. Алғашында биологтар биосфера деп біздің планетамызда тіршілік ететін тірі организмдердің жиынтығын ғана түсініп келді. Биосфераның басты екі құрамдас бөлігі – тірі организмдер және олардың тіршілік ортасы бар екені және олар біртұтас динамикалық система құратын органикалық бірлікте, үздіксіз өзара әрекеттестікте болатыны кейіннен анықталды. Биосфера - бірнеше кіші системалардан тұратын глобальдық ірі системаны білдіретін кең ұғым.
Жеке тірі организмдер бір-бірінен байланыссыз өмір сүрмейді. Өзінің өмір сүру барысында олар түрліше системаларға (топтарға), мәселен, популяцияларға бірігеді. Эволюцияның барысында одан да гөрі ірілеу, сапа жағынан жаңа тірі системалар деңгейін, биоценоздар деп аталатын белгілі бір аумақта өмір сүретін тірі организмдер жиынтығын құрады. Тіршілік эволюциясы біртіндеп биосфераның ішінде дифференциация-ланудың өсіп, тереңдеуіне алып келеді. Сыртқы ортамен зат және энергия алмаса отырып, биоценоздар сыртқы ортамен бірге жаңа системалар - биоценоздарды құрады. Бұл соңғыны кейде экосистемалар деп те атайды. Оның аумағы түрліше болуы мүмкін: теңіз, орман, тау т.б. Биогеоценоздың тұрқы тірі организмдердің табиғи айналымының бәрін қамтитын биосфераның кішкентай табиғи нұсқасы (моделі) болып табылады. Басқаша айтқанда, биогеоценоз дегеніміз биосфераның кіші бір бөлігі. Сөйтіп, барлық тірі организмдер мен экосистемалардың жиыны биосфера деп аталатын ең ірі системаны құрады.
Биосфера туралы ілімді ғылымда жан-жақты зерттеушілердің бірі көрнекті орыс ғалымы В.И.Вернадский болды. Ол, өзінен бұрынғы басқа зерттеушілер сияқты, биосфера ұғымын тек «тірі заттарға» ғана қолданып қойған жоқ. Биосфераға ол тірілердің бүкіл өмір сүру барысында жиналған өнімнің бәрін жатқызады. «Мәдени өнім» әсіресе қала өмірінде айқын көзге түседі: адамның соңғы 2-3 ғасырда салған үйлерінің негізі (фундаменті) бірнеше метр жер ішіне еніп кеткен. Қаршірікпен (гумуспен) және басқа органикалық қоректік заттармен байытылған топырақ жаңа тіршілік иелерінің пайда болып, дамуына жағдайлар жасайды т.т.
Биосфера жайлы, оның принциптері жайлы сөз қозғағанда Вернадский ең алдымен тірі организмнің тіршілігін және оның қызметін анықтап алады. Тірі организм жер қыртысының айырғысыз бөлігі және оны өзгертуші себебі болып табылады. Организмдер өз денесін құратын химиялық элементтерді сыртқы ортадан алады да, өлгеннен кейін және даму барысында қайырып береді. Сөйтіп, тірі мен өзгермейтін өлі зат өзара үздіксіз қарым – қатынаста, химиялық элементтердің айналымында болады. Бұл жағдайда тірі зат негізгі система құрушы фактордың міндетін атқарып, биосфераны біртұтас системаға біріктіреді.Биосфераның дамуы тірі организмдер мен сыртқы ортаның қарым–қатынасының тереңдей түсу жолымен жүреді. Эволюцияның барысында тірі мен өлінің өзара әрекеттесуі және өзара тәуелділігі нығая түседі, сөйтіп біртіндеп бүкіл планеталық интеграциялық процесс іске асады. Бұл интеграцияны В.И.Вернадский биосфераның ішкі мәні деп санады.Саналы, ақыл – парасатты тірі жан ретінде адамның пайда болуы тек биосфераны ғана емес, сондай-ақ оның планеталық сипатын да түбірлі өзгеріске ұшыратты: тірі организмнің сыртқы ортаға жай бейімделуінен ақыл – парасатты іс-әрекетке көшуі, табиғи ортаны мақсатқа сай біртіндеп өзгертуге көшу басталды. Адамның саналы іс-әрекетінің табиғатқа тигізген орасан зор әсерін зерттеудің нәтижесінде ноосфера туралы ілім пайда болды. «Ноосфера» деген терминді грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда noos - ақыл-ой дегенді білдіреді екен, яғни ақыл-ойдың тараған сферасы (саласы) деген мәнді білдіреді. Бұл терминді 1927 ж. тұңғыш ғылыми терминологияға енгізген француз ғалымы Э.Леруа болды.
Ноосфера туралы ілім В.И.Вернадскийдің еңбектерінде де тұжырымдалған, сондықтан ол бұл ілімнің негізін салушылардың бірі деп саналады. Вернадский ноосфера мәселелерімен 30 жылдардың басынан бері айналыса бастады. Ол «ноосфера» ұғымын адамның ақыл-парасатты қызметімен байланыста қарастырады: 1) адам дүниені өзгертуші аса ірі геологиялық күшке айналған кездегі планетаның күйі; 2) ғылыми ойдың пәрменді көрінісінің түрі және 3) биосфераны өзгертудің басты факторы ретінде. Қазіргі кезде ноосфера деп адам адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу сферасын түсінеді – бұл арақатынаста адамның саналы қызметі дамудың басты шешуші факторына айналады. Ноосфераның құрылымында: бүкіл адамзатты, қоғамдық системаларды, ғылыми білімдердің жиынтығын, техника мен технологияның жиынтығын атап көрсетуге болады. Бұл құрылымды биосферамен үйлесімді бірлікте қарау ноосфераның дамуы мен орнықты өмір сүруінің негізі болып табылады. Бұл бірлікті дұрыс түсіну үшін табиғат пен биосфераның адамға тигізетін әсерін және адамның табиғатқа кері әсерін қарастырып көрелік.
Екі айналым да бір-бірімен байланысты, бір тұтас процесс. Үлкен айналым бірнеше млрд. жылдарға созылады. Тау жыныстары бұзылып, желмен мүжіліп, су ағынымен Дүниежүзілік мұхитқа түседі. Геологиялық айналымдардың шекарасы биосфера шекарасынан кең, мұнда тірі организмдер жанама роль атқарады. Керісінше, биологиялық айналым биосфераның шекарасында ғана жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет