Бекітемін: Пән: Электродинамика
Тобы: 6В05301 – Физика
Практикант: магистрант Білдірмесова А.А.
Мерзімі: 31.10.2023 ж. 208ПС аудитория. Сагат: 08:30-10:20
Сабақтың тақырыбы: Вакуумдегі электромагниттік өрістің жалпы қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Квазистацонарлық электромагниттік өріс жəне оның шарттары. Электромагниттік индукция заңының дифференциалдық формасы.
Вакуумдегі электромагниттік өріске арналған Максвелл теңдеулер жүйесінің интегралды жəне дифференциалды түрлері жəне олардың физикалық мағынасы мен қасиеттері.
Электромагниттік өрістің энергия ағынының тығыздығы.
Өріс-бөлшек жүйесіндегі энергияның сақталу заңы. Умов-Пойтинг векторы.
Сабақтың формасы: дәріс.
Сабақтын барысы: Электрмагниттік индукция контур арқылы магнит ағыны өзгергенде ғана пайда болады, бұл кезде ағынның өзгеру себептері маңызды емес.
Егер электр тізбегінде уақыт бойынша өзгеретін ток жүрсе, онда осы токтың магнит өрісі де өзгереді, олай болса, магнит ағынының өзгерісі индукцияның ЭҚК-ін тудырады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады. Өздік индукцияның ЭҚК Фарадей заңынан анықталады
.
Ферромагнетик болмаған кезде контур арқылы өтетін магнит ағыны I ток күшіне пропорционал
,
мұндағы - контурдың индуктивтілігі деп аталатын коэффициент, ХБ жүйесінде өлшем бірлігі - генри (Гн). (8.3) сәйкес ток күші 1 А болғанда, онда 1 Вб-ге тең магнит ағыны өтетін контурдың индуктивтлігі 1 Гн-ге тең болады. Контурдың индуктивтілігі контурдың пішіні мен өлшемдеріне, сондай-ақ қоршаған ортаның магниттік қасиеттеріне тәуелді.
Егер ферромагниттік орта болса, онда контурдың индуктивтілігі ток күшінің өзгерісіне байланысты өзгереді, ағын ілінісуі мен ток күшінің арасындағы пропорционалдық қатынас бұзылады (11.1).
Ұзын соленоидтың индуктивтілігінің формуласын магнит өрісінің индукциясы , ағын ілінісуі , бір орам арқылы өтетін магнит ағыны үшін жазылған қатынастарды пайдаланып, анықтауға болады: .
Мұндағы - орамдардың сызықтық тығыздығы; - соленоидтың көлемі.
Ток өзгергенде өздік индукцияның ЭҚК пайда болады :
.
Минус таңбасы әрқашан ток күшінің өзгерісіне кедергі жасайтындай етіп бағытталады (Ленц ережесіне сәйкес), токты өзгеріссіз сақтауға ұмтылады, яғни токқа қарама-қарсы әсер етеді. Өздік индукция құбылыстарында ток инерттілікке ие болады, себебі бұл жерде индукция әсерінің магнит ағынын тұрақты етіп ұстауға ұмтылуы айтылып тұр, ал индуктивтілік ток күшінің өзгерісіне қатысты контурдың инерттілік мөлшері болып табылады (дененің жылдамдығын өзгеріссіз сақтауға ұмтылтын механикалық инерцияға ұқсас). (ферромагнетиктер жоқ болса)
.
Өздік индукцияның пайда болуы тізбекте токты қосып және ажырату кезінде байқалады. Контурдағы ток күшінің өзгерісі пайда болуына алып келеді, нәтижесінде контурда өздік индукцияның экстратоктары деп аталатын қосымша токтар пайда болады. Тізбекті қосқанда токтың орнығуы мен тізбекті ажыратқанда токтың кемуі лезде емес, біртіндеп болады. Тізбектің индуктивтілігі жоғары болған сайын, бұл эффектілер соғұрлым баяу болады. Тұрақты кедергісі және индуктивтілігі тұйық тізбекте ток күшінің өзгеру заңдары осы тізбекті тұрақты ЭҚК ток көзіне қосу кезінде және оны ажыратқанда мына формула арқылы жазылады:
.
Бірінші қосынды ажырату экстратоктарына, екіншісі – тұйықтау экстратоктарына қатысты жазылған. Суретте уақытқа тәуелділік графиктері келтірілген: 1 қисық – тізбекті ажырату кезіндегі ток күшінің кемуі 2 қисық – оны тұйықтаған кездегі ток күшінің артуы, орнығатын токты береді ( кезде).
Токтың өзгеру жылдамдығы (кему немесе орнығу) тізбектің тұрақты уақыты немесе релаксация уақыты деп аталатын және уақыт өлшемімен есептелетін