Сабақтың тақырыбы: Ядролық реакциялар және ядролық күштер жайында түсінік. Басқарылатын тізбекті реакция


Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тексеру



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі57,61 Kb.
#80670
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
№3 сабақ

Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тексеру

1. Фотоэмульсия әдісі қандай жағдайда болады?


Жауап:Уран тұздарынан өздігінен ұшып шығатын α- бөлшектердің фотопластинаның фотоэмульсиясын иондауын зерттеу нәтижесінде 1886 ж Бекккерель табиғи радиактивті ашты. Шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектерді тіркеу үшін қалыңдығы 0,5-1 мм фотоэмульсия қабаты бар фотопластиналар пайдаланылады.
2. Сцинтилляциялық санағыш жайлы не дейсіңдер?
Жауап:энергиясы жоғары, шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектердің люминесценттік кристалға соғылғанда заттың қас қағым уақытта жарқ етіп жарық шығаруын, яғни сцинтилляция деп аталатын құбылысты тудырады.
3. Гейгердің газразрядтық санағышы қандай қызмет атқарады?
Жауап:неміс ғалымдары Х.Гейгер мен Э.Мюллер ойлап тапқан газразрядтық санағышы α бөлшектер мен β-бөлшектерді және энергиясы жоғары γ-кванттарды тіркеу үшін қолданылады.
4. Вильсон камерасы жайлы не дейсіңдер?
Жауап: бұл аспап – зарядталған бөлшектерді бақылауға және олардың іздерін, яғни тректерін фотосуретке түсіріп алуға болатын ядролық физикадағы ең тамаша құрылғы.



Жаңа сабақ


Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектермен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер ядролық реакциялар деп аталады. Ядролық реакциялар теңдеулерінде сол жақтағы бөлшектердің зарядтары мен массаларына тең болады. Ядролық реакция атқылаушы бөлшектің әсерінен жүзге асырылады. Ядролық реакция а + А → В + b Мұндағы А-бастапқы немесе нысана ядро, а-атқылаушы бөлшек, В-туынды ядро, b-ядродан бөлінетін бөлшек. Тұңғыш ядролық реакцияны, α – бөлшектермен азот ядросын атқылағанда оның оттегі ядросына түрленуін 1919 жылы Э.Резерфорд жүзеге асырған
Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ядролық реакцияның энергетикалық шығуы деп атайды.
Егер Е>0 болса, онда реакцияда энергия бөлінеді, тыныштық энергияның есебінен реакция өнімдерінің кинетикалық энергиясы артады. Мұндай реакция экзотермалық деп аталады.
Егер Е<0 болса, онда реакция кезінде энергия жұтылады, кинетикалық энергияның кемуі есебінен жүйенің тыныштық энергиясы артады. Осындай реакция эндотермалық деп аталады.

    • ? + 42He → 3014Si +11p

  1. Ядролық реакцияның энергетикалық шығуын анықтау бойынша есеп шығарайық.
    147N + 42He → 178O + 11H
    Масса атома азота 14,003074 а.е.м., атома кислорода 16,999133а.е.м., атома гелия 4,002603 а.е.м., атома водорода 1,007825 а.е.м.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет