«Кім тапқыр?» ойыны арқылы жүргізіледі. Ойынның шарты: берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздерді табу.
7. Үйге тапсырма: 405-жаттығу
V. Сабақты қорытындылау
- Балалар, біз бүгін не білдік? Не үйрендік? Не көрдік?
(оқушылардың жауабы)
- Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Ел болашағы- білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде .Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне , гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір- түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «Біз әлі кішкентаймыз» демей, осы күннен бастап білімді болуға уәде бере отырып, жарқын болашаққа нық қадам жасаймыз.
Бағалау
(Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау,бағалау)
Облыстық тілші мұғалімдер олимпиадасы
Ашық сабақ
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 2 «А»
Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше
түрлері
Дайындаған: Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» ММ
бастауыш сынып мұғалімі
Бегжанова Санжан Мертеевна
Ақтау қаласы,2013жыл
Достарыңызбен бөлісу: |