Зәрағар түтік бүйрек пен қуықты жалғай тын жұп мүше .Оның ұзындығы 30 см,ені 4-7 мм Ол бүйрек қақпасынан басталып жамбас қуысында қуықтың артқы қабырғасынан ішке ашылады. Зәрағар түтік жамбас және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Әйелдердің зәрағар түтігі еркектердікінен 2-3 см қысқа. Зәрағар түтіктің қабырғасы 3 қабаттан тұрады:ортаңғы қос қабатты бұлшық ет, ішкі кілегейлі,сыртқы дәнекер ұлпалы қабаттар.Бұлшық еттің ұзына бойы қабаты қалталанып, әлсін-әлсін жиырылып,зәрді қуыққа айдап отырады.
Қуық зәр уақытша жиналатын қуысты тақ мүше.Ол жамбастың шат қасағасының артқы жағында орналасқан. Қуық бос кезде алмұрт пішінді зәрге қатты толғанда жұмыртқа тәрізденіп созылады. Қуықтың сыйымдылығы 750мл. Оның қабырғасы өте созылғыш. Бос кездегі қалыңдығы 15 мм, толған кезде 2-3 мм-ге дейін жұқарады.