Күні: 19.11. 2015 жыл 11 сабақ
Сыныбы: 6
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Әл-Фараби туралы аңыз.
Сабақтың мақсаты: Ұлы адамдар туралы мәлімет беру.
Оқушылардың сөздік қорын молайту,сөйлемді дұрыс айтуға дағдыландыру.
Балаларды отанға деген сүйіспеншілігін ояту адамгершілікке,әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап,оқу,аудару,түсіндіру.
Көрнекілік: оқулық,сөздік,ертегілердің кейіпкерлердің суреттері.
Пәнаралық байланысы: орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын қадағалау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
58 бет 1 тапсырма: «Аңыз-әңгімелер» туралы тірек сызбаны толтырыңдар, мазмұндап беріңдер.
Аңыз- әңгімелер
ІІІ, Жаңа сабақ:
Әл- Фараби туралы аңыз
Мағынаны ашу:
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында, шамамен 870 жылы, аты дүние жүзіне әйгілі ұлы ғалым, энциклопедист Әбунасыр әл-Фараби дүниеге келді. Ол жас кезінен Аристотель, Евклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.
Әбунасыр әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де жан-жақты меңгеріп, өзі де құнды-құнды еңбектер жазды. Ол 150-ден астам ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша еңебектер жазған. Замандастары мен шәкірттері оны «екінші Аристотель», «екінші ұстаз» деп атаған.
Әбунасыр әл-Фараби – математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым. Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия зерттеген.
IV.Жаңа сөздерді қайталау.
Аңыз-әңгімелер-легенды
Ұлы ғалым-великий ученный
өсу –расти
өнерлі-талантливый
әмір-правитель
өнерпаздар-люди искусства
елеусіз
көңілдімәз-мейрам болу-радоваться
қайғылы-печальный
баяу-спокойный
қамығып жылау-печалиться
V. Жаңа сабақты бекіту:
І.62-63бет .Мәтінді түсініп оқу.
ІІ.Сұрақтарына жауап беру:
әл-Фараби қай жылдары өмірге келді?
Ол кім?
Әл-Фараби туралы аңыз не туралы?
Әл-Фараби қайда барыпты?
Домбырамен не тартады?
Сол жердегі адамдар не істеді?
Ол күй тартқанда адамдар қандай болды?
Баяу күй тартқанда не істеді?
Сол күй қалай аталады?
Әмір оны тапты ма?
VІ.Дәптермен жұмыс өткізу. Әссе 5-минутті
VІІ. Сабақты қорытындылау:
Рефлексия:
Қазақ аңыздың жыраулары
|
Айырмашылығы
|
Ұқсастығы
|
Жиренше шешен
|
|
|
Әл-Фарабаи
|
|
|
Не білемін ?
|
Не білдім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
VІІІ.Үйге тапсырма беру.Сурет салып келу,сол сурет бойынша әңгімелеу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |