Сабақтың тақырыбы:«Көңілді информатика» Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділігі:сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі:Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге,топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, смайликтер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Көңілді информатика» атты сыныптан тыс сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Осы жерде сайысқа төрелік ететін мұғалімдерді ортаға шақырайық:
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Оқушылар ортаға шығып жылулық шеңберін құрап,бір-бірлеріне жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, дайын турған смайликтерді алып, оның артындағыжазуына қарайды.«Модем» жазуы барлар бір топқа, «Ғаламтор» жазуы барлар екінші топқа біріктіріледі. І-топта 5 бала, ІІ-топта 6 бала. Балалар бөлініп екі жаққа отырамыз, және өздерін араларынан топ басшысын сайлап аласыздар.
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»- дей келе сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І-тур: «Тапқырлық»
ІІ-тур: «Адасқан әріптер»
ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі»
ІV-тур: «Бәрін білгім келеді»
V-тур: «Сұрақтар патшалығы»
І-тур: «Тапқырлық!»Сайыстың бұл кезеңінде араларынан сайлап алған екі топ басшысы шығып мына столдан дайын тұрған конверттерді ашамыз, ішіндегі карточкаларды алып топтарына қарап оқисыңдар жұмбақтарды , бірге жауап бересіздер. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 10 ұпайдан беріледі.
1-топқа
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)
Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)
Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)
Бірсарайдатұрадыекен,
Бес атаныңбалалары.
Қыдырмашыбіреуі,
Біркүн бар да,біркүнжоқ.
Соныесепкеалсақ
Ұзын саны жүзжеті... (Пернетақта,тінтуір)
2-топқа
Бұтақ орнында мың бір инесі,