Сабақта оқыту әдістері мен тәсілдері:
Оқушылар білімін бағалау.
Әдістердің қандай жүйесі қолданылды; онда қандай әдістер мен тәсілдер үйлесім тапқан. Оқытудың әдістері тәрбиелеу мақсатын жүзеге асырумен сәйкес келеді ме?
Оқушылар белсенді ой еңбегіне қаншалықты қатыстырылған. Оқушылар қаншалықты мүдделі, ұқыпты, тәртіпті. Барлық сабақ бойы қисындылығы қалай жүзеге асырылған, осы мақсатұа арнайы тәсілдер қолданылды ма? Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынасы.
Сабаққа қойылатын негізгі талаптардың сақталуы:
Тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жету. Жоспардың орындалуы. Оқушылардағы білімнің сапалылығы. Сабақтың тәрбиелілік, білімдік және дамытушылық мәні.
Сабақтың нәтижесі.
Класты ұстай білуі, оның жұмысын ұйымдастыру, белсенділігін, ынтасын арттыру, тәртіп сақтау, жеке әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, олармен қарым-қатынас жасауы. Жұмыстағы қалыптасқан стилі жіне сөйлеуі. Педагогикалық әдептілік. Байқағыштығы, тапқырлығы, эмоционалдығы. Сыртқы сипаты. Тіл мәдениеті, қимылы, ым-ишарасы. Оқушылардың алдында мұғалімнің беделі бар ма?
Мұғалімнің мінез-құлықы
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз не?
- Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы?
- Дүниетану пәнін оқытуды ұйымдастыру түрлері қандай?
- Шведтік нейробиолог Холгер Хиден зеттеулерінің қорытындысы нені мегзейді?
- Сабақ құрылымы дегніміз не?
- Бастауыш кластарға сабақтың қандай типтері тән?
- Аралас сабағының құрылымы қандай?
- Заттық сабақтарды өткізуге мұғалімнің дайындығы?
- Дүниетану сабақтарының типтері және олардың дидактикалық ерекшеліктері қандай?
- Мұғалімнің сабаққа даярлануының дидактикалық принциптері қандай?
- Сабақ жоспары дегеніміз не?
- Сабақ конспектісі қалай даярланады?
- Сабақ талдаудың мақсаты неде?
- В. А. Сухомлинскийдің сабақ жоспары туралы айтқан цитатының мазмұнн қалай түсіндіруге болады.
- 1 сабақ жоспарын даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: |