Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ



Дата19.12.2016
өлшемі53,36 Kb.
#4212
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Сабақтың мақсаты;1)Білімділік:Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру,ертегі түрлеріне тоқталу.”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;2)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту; 3)Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,бауырмалдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Аралас сабақ.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әлісі:Таратпамен жұмыс,өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану,сурет,ән, еңбек.

Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар,сызба кестелер,сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 3 топқа бөлу, сабаққа даярлығын қадағалау назарын сабаққа аудару.



ә)Психологиялық дайындық

Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен

Балалар өздерің байқап отырғандарыңыздай бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымыздан өзгеше.

Жереби арқылы құс суретін таңдау

1-топ« Лашын»

2-топ «Қарлығаш»

3-топ «Аққу»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Құмырсқаның қанағаты.(Ел аузынан.)



Кіріспе бөлімі: білу,түсіну

1-топ: «Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы»



Негізгі бөлім:қолдану, талдау

2-топ «Құмырсқаға сұрақ қоюы»



Қорытынды: жинақтау

3-топ «Бір жыл өткен соң»

Құмырсқаның ақылы , қайраты,қанағаты барын қайдан білдің?

Құмырсқаның қасында дән жатқанда ашығу себебі не деп ойлайсың?

Құмырсқадан нені үйрендің?

....ақылды


Құмырсқа. ....қажырлы

....еңбекқор

....ынтымақшыл

Қанағат қарын тойдырар


Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.



ІІІ.Жаңа сабақ.

Кіріспе.

-Ал балалар,сонымен құмырсқа қандай класқа жатады?(Бунақденелер)

- Өздерің дүниетану сабағынан тағы қандай кластарды атар едіңдер? Сүтқоректілер,бауырымен жорғалаушылар,құстар класы.

- Ал қандай құстарды білесіңдер? (Қаршыға,қарға,бүркіт,қарлығаш.) -Қарлығаштың басқа құстардан айырмашылығы қандай?



Адамның досы, қайырымды.

Мына мультфилінен үзінді көрейік (Қарлығаштың құйрығы неге айыр? )

Ендеше , бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы . (Қарлығаштың құйрығы неге айыр.) ертегісі.
Теориялық мәлімет

Қарлығаштың 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қарлығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлығашы. Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман - тоғай, өзен - көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын - шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi

Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi.

Біздің жерімізде қарлығаш барма?

Осы көктем мезгілінде қалығаш жылы жаққа ұшып келеді.

Қарлығаш кімнің үйіне немесе қорасына ұя салды?
Ертегілер түрлеріне тоқталу.

1.Қиял-ғажайып ертегілер;

2.Шыншыл ертегілер; 3.Жан-жануарлар ертегісі.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқуы. Тізбектей оқуы.

1-топ: Ауруға ұшыраған Айдаһардың халін суреттеген жерді тауып оқу.

2-топ: масаның зұлымдығын тауып оқы.

3-топ: Маса ,қарлығаш ,айдаһар үшеуінің айқасқан көрнісін тауып оқы.



Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс

Дерт-ауру,сырқат.

Не қилы-әр түрлі

Сергіту сәті

«Қос қарлығаш»
Топпен жұмыс

Ертегі кейіпкерлерін топтастыру

1-топ: «Айдаһар»

2-топ: «Маса»

3-топ «Қарлығаш»
Шығармашылық тапсырма

1-топ: «Қарлығаш» сөзінен сөз құрау

2-топ: Мақалдың жалғасын тап

3-топ: Құстар туралы әңгіме жазу
Қарлығаш әулие.

Ертеде Жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін - жерін тастап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіпті.Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді.Ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді.Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым.
Төле би.

Ой қорыту:

Қарлығаш әулие әңгімесіндегі Төле бидің шешендік, тапқырлық ойы мен сабақты қорыту.

Міне балалар Төле бидің бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын, шын әулие деп атаған.Қарлығашты да әулиеге теңеген.

Бекіту

Сұрақ –жауап:

-Айдаһар қанды неге іше алмады? -Қарлығаштың құйрығы неге айыр болды? -Адам қарлығашты неге жақсы көреді?



Қорытынды

Қарлығашқа байланысты ырымдар (тақтадан оқылады)
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады,
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң.




Білемін


Білдім


Білгім келеді











Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек.

Бүгін мен сендерге не үйрете алдым, сендердің маған айтатын қандай ұсыныс тілектерің бар? соны стикерлерге жазып тақтаға ілу.

Бағалау.

Үй жұмысын стикер арқылы бағалау.

Топтық жұмысты оқушылар бір-бірін бағалайды смайликпен.

Үйге тапсырма.

Ертегіні мазмұндау



«Құстар біздің досымыз» шығарма жазу

Сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет,сабақ аяқталды сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет