Сабақтың типі: Қазақ халқының қоөнері тарихи сипаттама. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Әнгімелеу



бет7/15
Дата25.12.2016
өлшемі2,16 Mb.
#4377
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Сабақтың тақырыбы: Көркемдік бұйымдарды жону тәсілімен дайындау технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын, бұйымның ішкі беттерін жону үшін кескіш аспапты таңдай білуге, дайындамаларды бекітетін айлабұйымдарды таңдауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік жұмыстарды орындауда эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдармен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.

Құралдары: ағаш жону білдегі, жону құралдарының жиынтығы, айлабұйымдар, өлшегіш құрал, дайындамалар.

Пайдаланған әдебиет: Технология 8,9 сынып оқулықтары «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушы назарын сабаққа аудару.

«Бағдаршам» әдісі:

әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-тсті стикерлер арқылы белгі береді: «жасыл» – дайын, «сары» – күмәнді, «қызыл» – дайын емес.

Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Ағаш жону білдегінде қандай бұйымдар жасалады?

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ағаш жону білдегі.

«Кім біледі?» ойыны. ТСД-20 ағаш жону білдегінің бөліктерін слайд арқылы сұрау «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.

Жону дегеніміз не?

III. Үй тапсырмасын бекіту

IV. Жаңа сабақ..

Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар.

Ой қозғау. Жонғыш құрал-саймандардың қандай түрлерін білесіңдер?

Жоңғыш құрал-саймандар кескіш қашаулар құрылымы бойынша өте алуан түрлі, олардың әр түрлі болуы білдектің құрылымдық ерекшелігіне және қолданылуына байланысты болады. Олар қолмен – білдек асты тірегі бар білдекте жұмыс істеуге арналған және құралкүймешікті – механикалық беріспен жұмыс істейтін білдекке арналған болып екіге бөлінеді.

Фасонды кескіштерді бұйымда фасонды пішіндер қыру үшін қолданады. Әр түрлі пішінді бұранда ою үшін арнайы кескіштерді қолданады.

Бекітуші айла бұйымдарға: қысқұрылғы, үшаша, қысқы жатады. Қысқы және үшашамен осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстатады. Сонымен бірге қысқыны ұсақ тетіктердің ішкі жағын қырғанда бекітуші айла бұйым ретінде қолданады.

Қысқұрылғы үлкен өлшемді дайындамаларды өңдегенде және жалпақ тұтас дискілерді қырғанда бекітуші айлабұйым ретінде қолданылады.

Үш жұдырықшалы қысқы дайындаманың центрін қыспақ жұдырықшалары

Сергіту кезеңі.

Интерактивті тақтаның көмегімен жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар туралы видео ролик көрсету.

Не көрдіңдер, не қызықтырды?

Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;

3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;

4. Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығын дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.

2. Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т.б.).

3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

4. Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т.б.).

5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 2-3 мм болсын.

6. Пышақтың жүзін тексер.

7.Станокты бос айналдырып тексеріп көр.

8. Көзіңе көзәйнек ки.

Жұмыс кезінде:

1. Кесу жұмысы станок толық күшімен айналған соң баста.

2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.

3. Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.

4. Жарақат алмас үшін:

а) станокқа қатты жақындама; ә) станок үстінен алыс-беріс жасама;

б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;

г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.

Жұмыстан кейін:

1. Жұмыс орныңды ретке келтір.

2. Станокті мұғалімге тапсыр.

3. Өзіңді ретке келтір.

Сарамандық жұмыс

Жеке


Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап

Жұмыстың мақсаты: ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын игеру.

Жабдықтар мен құрал-саймандар, айлабұйымдар: ТСД-120 білдегі, әр түрлі қашаулар, бекіме айлабұйымдар, штангенциркуль, сызғыш, осьтік және тура жонуға арналған дайындама, қалам, кронциркуль, нутромер, қима үлгілер.

Техникалық мәліметтер: білдекте сызатсыз, бұтақсыз, шірігі жоқ, жақсы кепкен дайындаманы өңдейді.

1. Көркемдеп жону жұмыстарының күрделілігіне байланысты ағаш жону білдегінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауға ерекше назар аудару.

2. Технологиялық карталарды тарату.

3. сызбаларды оқып-үйрену және тиісті құрал-саймандар мен айлабұйымдарды таңдап алу.

4. Тетіктерді жонып үйрену.

Видеоролик (ағаш жону білдегі)

V. Жаңа сабақты бекіту

«Өзіндік мысал» ойыны:

Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

«Идеал тапсырма» әдісі:

Әр оқушы өзі орындайтынүй тапсырмасын өзі таңдайды. Біреу қосымша дерек жинаса, келесісі сурет салуы, үшіншісі көркемдік бұйым жасау үшін технологиялық карта құрастыруы мүмкін.

9-сынып №9сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен материалдарды қайталау.

А)Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?

Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.

Б) Ағаштың текстурасы дегеніміз не?

В) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?

3. Жаңа сабақ. Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтар жасаған.

Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.

Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден-ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін-адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.

Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұпаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі-келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою-өрнектермен әрлеген. Ағаш үйдің бөлшектерін ою өрнектермен әшекейлеп безендірген. Халық шеберлері жасаған осындай заттар қазір еліміздің музейлерінде сақтаулы.

Слайдтардан алған мәліметтерге сүйене отырып сабағымызды жалғастырайық.

Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ою-өрнектердің бір түрі

Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталап, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.

Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі- геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.

Екінші тәсіл-өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс береді;

екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;

- бұйымдарды бояу, оған әр беру;

- боялған бұйымдарды тазалау, лактау.

Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң тексеру. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар: Ол жүйелеу, үйлестіру ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.

10. Қорытынды.

«Үтір» (қайырма), «үшбұрыш» және «сыңар қанат» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт!

Оқушыларды бағалау, жақсы жұмыстарды көрмеге алу.

Үйге тапсырма: дайындаған ою-өрнекті көркемдеп өңдеу, аяқтау және «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы» тақырыбына реферат жазу



9-сынып №10сабақ


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет