Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап



Дата27.12.2016
өлшемі95,27 Kb.
#5474
түріСабақ
Тақырыбы: Астана –Қазақстан Республикасының астанасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Астана –Қазақстан Республикасының Астанасы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыра отырып патриоттық тәрбие беру..

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның кртасы, Астананың суретері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.



1. Солтүстік Қазақстанда қандай облыстар бар?

2. Қостанай облысындағы өнеркәсәіптердің басты салаларын атаңдар?

3. Солтүстік Қазақстанда қандай экономикалық –экологиялық проблемалар бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Астана –Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығындағы орналасқан қала. Қала 200км2аумақты алып жатыр. 1992 жылы қабылданып, ол 1994 жылы 6 шілдеде жүзеге асырылды.

Елордасы көшіруде бірнеше мәселелер: біріншіден елді геосаяси тұрғыда нығайту, еЕкіншіден , қауіпсіздік мәселесі, үшіншіден,экономикалық жағынан дамыту, төртіншіден, тұрақты саяси –этностық мемелекет құру қарастырды.1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік Қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен мараппатталды.Астана –Республикасының маңызды өнеркәсіп және мәдениет орталығы, ірі темір жол және автамабиль көлік торабы.

Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын, 2004 жылы елордатұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионан асып кетті. Бүгінде халықтың саны- 783471адам (2013 жылы 1 наурыз).

ЭКСПО- 2017 –Қазақстанның ең ірі жобаларының бірі. ЭКСПО немесе Дүниежүзілік көрме-индистрияландыруд нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшін ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.



1. ЭКСПО – 2017 Қазақстан үшін қандай пайда бермек?

2. Елорданы көшіруде қандай мәселелер қарастырылды?

3. 2013 жылы бірінші наурызда халық саны қаншаға жетті?

4.Елордасын көшіру туралы стратегиялық шешім қай жылы қабылданды?



V. Қорытындылау, бағалау.

ЭКСПО -2017 жылы Қазақстанда қандай мақсатпен ұйымдастырылды?



VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: «Астана – бас қала»деген тақырыпта реферат даярлау.



Сабақ№58 Сыныбы:9 Күні_________
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы, табиғат жағдайы,ресурсы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Қазақстан экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайы, халқы, жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыра отырып патриоттық тәрбие беру..

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап



1. ЭКСПО – 2017 Қазақстан үшін қандай пайда бермек?

2. Елорданы көшіруде қандай мәселелер қарастырылды?

3. 2013 жылы бірінші наурызда халық саны қаншаға жетті?

4.Елордасын көшіру туралы стратегиялық шешім қай жылы қабылданды?.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары

Аумағы -711,6 мың км2

Халқы – 7923858 адам

Экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары.

Оңтүстік Қазақстан ауамағының көп бөлігін шө және таулы аймақтар алып жатыр. Ауданының шекарасы батысында Арал теңізінен басталып, шығысында Қытаймен аралықтағы мемелекеттік шекараға дейінгі 200 км қашықттыққа созылып жатыр. Ал солтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көлінен басталып, оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттері аралығындағы шекараға дейінгі 700км қашықтықты қамтиды. Аумағы жөнінен Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші орынды алады. Жер көлеміне байланысты экономикалық ауданының табиғат жағдайы күрделі әлә алуан түрілі. Аудан су ресурстарына бай, еліміздегі су ресурстарының 49%-ы осы ауданда. Бірақ су ресурстары аудан бойынша біркелкі таралмаған. Негізгі өзен торлары оңтүстік бөлігі арқылы өтеді.



Республикамыздың ірі көлдері – Балқаш пен Алакөл осы ауданда. Балқаш көлінде балықтың 25 түрі бар.Оған келіп құятын өзен атырауларында кө суын пайдаланатын кәсәпорындар орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан жер қойнауы жан –жақты зерттелген. Жамбыл облысындағы қаратау жотасы пайдалы қазбаларға бай.

Жаңтас, Ақсай, Шолақтау кен орындарында фосфариттің мол қоры, кездеседі. Ал полиметалдың кені (никель, мыс) Ащысай, Мырғалымсай, Хантағы, Байжансай кен орындары өндіріледі.

Қызылорда облысында түсті металлургия, химия, мұнай, сульфат, пен ас тұзының табиғи ресурстарына бай. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында Түркістан өңірінде цемент өндірісінің шикізаты – гипстің мол қоры анықталды.

Халқы.Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы халқының саны және қоныстануының орташа тығыздығы жөнінен кономикалық аудандар арасында бірінші орында – республика халқының 38,7%-ы осында тұрады. Халқының 65,8%-ын қазақтар, 28,2%-ын орыстар, ал 5 %-ын басқа ұлт өкілдері құрайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Оңтүстік Қазақстан қандай пайдалы қазбаларға бай ?

2.халықтың басым көпшілігі қайда қоныстанған?

3.Республикамыздың ірі көлдерін ата?

4. 1км2-ге неше адамнан келеді?



V. Қорытындылау, бағалау.

Халық саны жөнінен жетекші аудан ретінде сипаттама беріңдер.



VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: 50. Оқу . Оңтүстік Қазақстан облыстарының географиялық орнын картадан анықтап сипаттама беріңдер,және өндіріс орындарын анықтаңдар.

Сабақ№59 Сыныбы:9 Күні_________
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанның шаруашылығы, географиялық және көлік шаруашылығы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Қазақстаның шаруашылығы, географиялық жағдайы, көлік жағдайы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыра отырып патриоттық тәрбие беру..

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап

1. Оңтүстік Қазақстан қандай пайдалы қазбаларға бай ?

2.халықтың басым көпшілігі қайда қоныстанған?

3.Республикамыздың ірі көлдерін ата?

4. 1км2-ге неше адамнан келеді?



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Егіншілік:

Мақта Келес, Арыс өзендері аңғарында.

Қызылша Аса, Талас, Шу, Қаратал өзендерінің боиы, Қырғыз, Іле, Жоңғар Алатауы баурайында.

Жүзім шаруашылы-ғы Жамбыл, Оңтүс-тік Қазақстан облыстарында. Күріш Сырдария, Іле, Қаратал өзені аңғарларында. Темекі Алматы маңында өсіріледі.

Мал шаруашылығы:

Қаракөл қойы Жам-был, Оңтүстік Қазақстан, Қызыл-орда облысында.

Алатау, Талас, Ақбас сиырлары тау бөктерінде. Қазақы жылқы Қызылорда облысының «Құланды», Алматы облысының «Басши» жылқы зауыт-тарында. Көшім жылқысы Алматы облысындағы «Дегерес», «Алға-бас», «Қызылағаш», Жамбыл облысын-дағы «Құлан» жылқы зауытта-рында. Түйе Оңтүс-тік Қазақстан облысында өсіріледі.

Өнеркәсәбі. Түсті металлургия:

Ащысай полиметалл комбинаты.Текелі қорғасын-мырыш. Шымкент қорғасын зауыттары бар.



Химия өнеркәсібі:

Қаратау кен-химия комбинаты. Шым-кентте химия-фармацевтика, фосфор тұздарын өндіретін, мұнай синтездеу зауыттары. Таразда жоғары сортты ты-ңайтқыштар өндіретін суперфосфат зауыттары орналасқан.



Машина жасау кешені:

Алматы, Шымкент, Тараз, Кентауда электротехника, аспап жасау, жол құры-лысы машиналары, станок жасау өнді-рістері орналасқан. Алматыда «Поршень», «Электроқұрал». Шымкент-те электроаппараттар зауыты орналасқан.



Құрылыс материалдар:

Шымкентте, Сазтөбеде цемент зауыттары орналасқан.



Жеңіл өнеркәсіп:

Алматыда, Шымкентте мақта тазалау зауыты, мақта-мата комбинаты. Тараз-да, Қызылордада былғары аяқкиім фабри-калары. Шымкентте байпақ-шұлық, кос-тюм шығаратын фабрикалар жұмыс істейді.



Тамақ өнеркәсібі:

Алматыда ет, жеміс-жидек, темекі комбинаттары, шарап жасау зауыты.

Тараз, Талдықорғанда қант зауыты. Қызылордада «Арал тұз комбинаты», күріш тазалау зауыты. Балқашта, Аралда, Алакөлде балық өңдеу зауыттары орналасқан.

Ауыл шаруашылығы: Егіншілік:

Мақта Келес, Арыс өзендері аңғарында.

Қызылша Аса, Талас, Шу, Қаратал өзендерінің боиы, Қырғыз, Іле, Жоңғар Алатауы баурайында. Жүзім шаруашылы-ғы Жамбыл, Оңтүс-тік Қазақстан

облыстарында. Күріш Сырдария, Іле, Қаратал өзені аңғарларында. Темекі Алматы маңында өсіріледі.



Мал шаруашылығы:

Қаракөл қойы Жам-был, Оңтүстік Қазақстан, Қызыл-орда облысында.

Алатау, Талас, Ақбас сиырлары тау бөктерінде. Қазақы жылқы Қызылорда

облысының «Құланды», Алматы облысының «Басши» жылқы зауыт-тарында. Көшім жылқысы Алматы облысындағы «Дегерес», «Алға-бас», «Қызылағаш»,Жамбыл облысын-дағы «Құлан» жылқы зауытта-

рында. Түйе Оңтүс-тік Қазақстан облысында өсіріледі

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі?

2. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығы?

3. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының көлік жүйесі?

V. Қорытындылау, бағалау.

Картадан экономикалық ауданның шекарасын көрсету,оған кіретін облыстарды атап шығу.



VІ. Үйге тапсырма беру. 51. Оқу. Сұраққа жауап беру.

Үйге:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет