Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: аралас



бет6/8
Дата06.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#81233
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ашық сабақ

«Білгенге маржан» қосымша деректер:
Тарихи тағлымы мол білім ордасы 
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі - облыстағы арнаулы кәсіптік білім беретін ірі оқу орындарының бірі. Колледждің негізі 1920 жылы қазанның бірі күні Шымкент қаласында Педагогикалық техникум болып құрылудан басталған. Бұл туралы мәлімет Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынды.
Оның алғашқы директоры Сегізбай Айзұнов болған.
Техникумға 100 талапкер қабылданып, 1926 жылы алғашқы түлектер бітіріп шықты. Олардың қатарында қазақтың көрнекті ғалымдары Мәулен Балақаев пен Төлеген Тәжібаев т.б. бар еді. 1927 ж. дейін техникумда қыз бала оқыған жоқ, тек осы жылы қабылданған 160 білімгердің ішінде тоғыз қазақ, 1 өзбек ұлтының қызы болды. Бұл кезде техникумның директоры халқымыздың көрнекті жазушысы, ірі қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов болатын (1926 – 1929 жж.).
1929 жылдың 15 тамызында техникум Сырдария округтік атқару комитетінің қаулысымен Шымкенттен Әулиеата қаласына көшірілді. Оған осы техникумның 1926 жылғы түлегі Шерім Ерманов директор болып тағайындалды. 1939 жылға дейін барлық мамандықтар бойынша білім қазақ тілінде берілді, осы жылы орыс бөлімі ашылды.
1940 жылы оқу орнының түбегейлі профилі белгіленіп, Жамбыл педагогикалық училищесі деп аталды. 1945 жылдың желтоқсанында республика Халық ағарту министрінің орынбасары Әди Шәріповтың бұйрығымен Жамбыл қаласындағы педагогикалық училищесіне Жұмаш Самиғоллаұлы Қадиалиев директор болып тағайындалды
1946 жылдан бастап училищеге қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай есімі берілді. 1953 - 1956 жж. Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесінің директоры Ұлы Отан соғысының ардагері Ыдырыс Сағынтаев болды.
1956 – 1984 жылдар аралығында оқу орнының директорлығы қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты Достай Еселбаев атқарған. 28 жыл басшылық жасаған Д.Еселбаевтың тұсында оқу орнының ерекше өркендеген, өскен кезеңі болды. Республикаға белгілі оқу орнының білікті басшысы мектептерге сапалы педагог кадрлар даярлауда оқу-тәрбие жұмыстарын шарықтата білді. Соның жемісі ретінде Одақтық социалистік жарыстарда Халық ағарту бөлімінің ауыспалы Қызыл Туын 2 рет жеңіп алды. Бірнеше рет Оқу министрлігінің Құрмет Грмоталарымен марапатталды.
1984 – 1996 жылдар аралығында Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесінің директорлығы қызметін Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі Мамыр Сүгірбеков атқарған.
1996 -2012 жж. Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжінің директоры қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мұсаева Сәуле Адамбекқызы атқарды. Ол осы оқу орны құрылғаннан бергі тұңғыш әйел – басшы.
2012 жылдан бастап Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің директорлығы қызметін Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Айдархан Дүкенбайұлы Биназаров атқаруда.
Биыл тарихы тереңде жатқан оқу ордамыз 95 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет